Елімізде мопедтерге тықыр таянды. Сәуір айының 5-нен бастап қос дөңгелекті техниканы тіркеп үлгермегендерге тиісті жаза тағайындалмақ, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.

Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаменті хабарлады. Дерекке сүйенсек, осы уақытқа дейін оңтүстік мегополисте 5 276 мопед тіркеуге қойылған. Экстерриториялық принцип бойынша тіркелгендер: 2 100.

"5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедтер айып тұрағына қойылады. Ал олардың иелері Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады", - делінген полиция ақпаратында.

Осыған орай, құзырлы орган, елдегі мопед мінген азаматтарға дабыл қағуда. Яғни, тіркеуден өтпеген азаматтарды істі кейінге қалдырмай, уақытында рәсімдеуге шақыруда.