БАСТЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
Қазақстанда зейнеткерлер мен жастарға пойызда жүруге үлкен жеңілдік жасалады
arrow_forwardҚазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланды
arrow_forwardБалалардың қауіпсіздігін жасанды интеллект бақылайды
arrow_forwardСОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
Қазақстанда зейнеткерлер мен жастарға пойызда жүруге үлкен жеңілдік жасалады
02-02-2026 Hits:13 Жаңалықтар
sitemanager

Елдегі темір жол тасымалында зейнеткерлер мен жастарға жақсы жеңілдік жасалмақ. Мұндай мәліметті ҚазАқпарат жазды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. «Жолаушылар тасымалы» АҚ 60 жастан асқан жолаушыларға арналған жаңа жеңілдікті іске қосты. Енді ел ішінде теміржолмен сапарлауға 25% жеңілдік қарастырылған. Жеңілдікті пайдалану үшін Ұлттық тасымалдаушының барлық пойызында жарамды QURMET дисконттық картасын рәсімдеу жеткілікті. Карта купе, плацкарт және отыратын вагондарда орын шектеусіз билет алуға мүмкіндік береді. Картаның құны — 3000 теңге, жарамдылық мерзімі — сатып алынған күннен бастап 1 жыл. Жастар үшін де тиімді мүмкіндіктер ұсынатын жаңа KETTİK33 дисконттық картасы енгізілді. Енді 15 пен 25 жас аралығындағы жолаушылар KETTİK33 дисконттық картасы арқылы купе вагондарындағы жоғарғы орындар мен отыратын вагондарға билеттерді 33% жеңілдікпен рәсімдей алады. Картаның құны — 3000 теңге, жарамдылық мерзімі — сатып алынған күннен бастап 1 жыл. Дисконттық карталар иесінің атына рәсімделеді және үшінші тұлғалардың пайдалануына жол берілмейді. Картаны тек теміржол вокзалдарындағы «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларынан алуға болады. Рәсімдеу үшін жеке куәлік, ұялы телефон нөмірі және (қалау бойынша) электрондық пошта мекенжайы талап етіледі. Дисконттық карта бойынша жеңілдіктер билет кассаларында немесе bilet.railways.kz сайты арқылы билет сатып алынған жағдайда ғана қолданылады. Екінші деңгейлі банктердің платформалары арқылы сатып алынған билеттерге жеңілдіктер қарастырылмайды. Жеңілдіктер жыл сайын белгіленген кезеңде ұсынылады. Алайда мерекелік және каникул уақытында дисконттық карталардың қолданылуы тоқтатылады: • 2026 жылғы 20–29 наурыз аралығы; • 2026 жылғы 25–30 желтоқсан аралығы; • маусым–тамыз айлары.
Read moreҚазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланды
31-01-2026 Hits:31 Жаңалықтар
sitemanager

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының жобасын жариялады. Бұл құжат азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардан түскен ұсыныстарды мұқият талдаудың, ашық қоғамдық талқылаулардың, сондай-ақ жаңа нормалар мен ережелерді жан-жақты әрі тиянақты пысықтаудың нәтижесінде пайда болды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. Конституциялық реформа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанда бір палаталы Парламент құру жөніндегі бастамасының негізінде туындады. Президент бұл идеяны 2025 жылғы 8 қыркүйекте өзінің халыққа арнаған жыл сайынғы Жолдауында елдің саяси жүйесін кешенді жаңғырту және жасанды интеллект дәуірінде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі оң серпін беру мақсатында айтқан болатын. 2025 жылғы 8 қазанда Парламенттік реформаны іске асыру жөніндегі жұмыс тобын құру туралы өкімге қол қойылды. Оның құрамына белгілі құқықтанушы ғалымдар, сарапшылар, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері кірді. Комиссияға Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Азимова басшылық етеді. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин және Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева оның орынбасарлары болып белгіленді. "Комиссияның құрылуын секторлық өзгерістерден кешенді конституциялық трансформацияға өтудің көрінісі ретінде қарастыруға болады. Оның алдында ерекше миссия тұр. Ол – Ата Заңда бір жағынан конституциялық құрылыстың негізгі принциптерін сақтау, екінші жағынан қазіргі заманғы сын-қатерлерге лайықты көзқарасты білдіру мүмкіндігін қамтамасыз ету", – деп атап өтті алғашқы отырыста Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Азимова. Жұмыс барысында Комиссия мүшелері республиканың Ата Заңының барлық негізгі түзетулерін жан-жақты қарап шықты. Бұл түзетулер Конституцияның барлық бөлімдеріне және 77 бабына қатысты, яғни жалпы мәтіннің 84%-ын қамтыды. Осылайша, Комиссия мүшелері Қазақстанның жаңа Конституциясын әзірлеу мәселесін алға тартты. Жаңа Конституция бойынша нақты шешімді еліміздің азаматтары жалпыұлттық референдумда қабылдайды. Конституциялық комиссияның жұмысы жалғасуда. Толығырақ мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1152063?lang=kk
Read moreБалалардың қауіпсіздігін жасанды интеллект бақылайды
30-01-2026 Hits:22 Жаңалықтар
sitemanager

Қазақстанда балалардың қауіпсіздігін бақылау үшін жасанды интеллект технологиялары енгізіледі. Технология кезең-кезеңімен жүзеге асады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. Спутниктің жазуынша, білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін бақылау мақсатында жасанды интеллект технологиялары кезең-кезеңімен енгізіледі. Ықтимал қауіптер анықталған жағдайда жауапты қызметтерге жедел түрде хабар беріліп, баланы қорғау үшін қажетті шаралар қабылданады. "Сонымен қатар балалардың, ата-аналардың және педагогтердің цифрлық сауаттылығын арттырады. Балалардың интернетке қолжетімділігін реттеп, оның ішінде түнгі уақытта пайдалануын шектеу шаралары қарастырылған. Бұл бастамалар балаларды зиянды контенттен, кибер қауіптерден және цифрлық гигиенаны бұзудан қорғауды күшейтуге бағытталған", - дейді министрлікте. Балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау бойынша заңнама жаңартылады.
Read moreUEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінде "Қайрат" қанша пайда тапты
29-01-2026 Hits:27 Жаңалықтар
sitemanager

2025/26 жылғы маусымда UEFA Чемпиондар лигасын негізгі кезеңінде өз тарихында алғаш рет бақ сынаған қазақстандық «Қайрат» командасы қанша пайда тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Қазақстандық команда негізгі кезеңде сегіз ойында бір ұпайға қол жеткізді. Олар Португалияның «Спортингіне» 1:4, Испанияның «Реал Мадридіне» 0:5, Италияның «Интеріне» 1:2, Грекияның «Олимпиакосына» 0:1, Данияның «Копенгагеніне» 2:3, Бельгияның «Брюггесііне» 1:4, Англияның «Арсеналына» 2:3 есебімен жол берсе, Кипрдің «Пафосымен» 0:0 есебімен тең түсті. «Қайрат» Чемпиондар лигасын негізгі кезеңіне шыққаны үшін 18,62 миллион еуро (11,23 миллиард теңге) алды. Негізгі кезеңдегі бір тең ойын үшін командаға тағы 19,32 миллион еуро (11,65 миллиард теңге) келді. Еурокубок маусымы аяқталғаннан кейін бұл сомаға телевизиялық және маркетингтік құқықты сатудан түскен төлем қосылады.
Read moreЖекеменшік мектепке баратын балаларға мемлекет қаржы бөледі
27-01-2026 Hits:30 Жаңалықтар
sitemanager

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова жеке меншік мектептерге қатысты өзгерістерді жариялады. Енді мемлекеттік мектептерде орын болмаса, жеке меншік мектептерге барған балалар үшін қаржы бөлінбек, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. Бұған дейін президент жеке меншік мектептердің жұмысын сынға алған болатын. Себебі оқушы санын артық көрсету арқылы мемлекет қаржысын ұрлау фактілері жиілеп кеткен. Ал премьер-министр Бектенов жаңадан ашылатын жеке меншік мектептерде мемлекеттік тапсырысты орналастыруға мараторий енгізуді тапсырды. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, наурыз айында лицензиядан кейінгі тексеріс шаралары басталады. Оны бас прокуратура әкімдіктермен бірге өткізеді. "Олар балалардың қауіпсіздігін, білім беру қызметтерінің сапасын, сондай-ақ, мұғалімдердің біліктілік талаптарына сәйкестігін тексереді. Егер барлығы сай болса, жұмысты жалғастыра беруге болады", - деді Сүлейменова үкіметтегі брифингте. Ал жаңа оқу жылынан бастап жергілікті атқарушы орган мемлекеттік тапсырыстың көлемін анықтайды. Мемлекеттік мектептерде орын болмаса, жеке меншік мектептерге барған балалар үшін қаржы бөлінеді. "Тағы айтайын, егер жеке меншік мектеп барлық заңды талапты сақтап отырса, онда ары қарай жұмыс істей береді", - деді министр. Айта кетері, Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы мектептердің бірі бастапқыда тойхана, ал Шымкентте сауда орталығы ретінде көрсетілген. Ал кейбір жекеменшік мектеп жоқ оқушы үшін мемлекеттен қаржы алып келген.
Read moreЕлімізде екі банкнота айналымнан шығады
26-01-2026 Hits:31 Жаңалықтар
sitemanager

Елімізде қандай банкноталар 2026 жылы айналымнан шығатыны белгілі болды. Бұл туралы Ұлттық банк мәлімдеді, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. ҚазАқпараттың жазуынша, Ұлттық банк «Сақ стилі» банкноталарының жаңа сериясын кезең-кезеңімен шығаруды жалғастырады. 2026 жылдың соңына шығару жоспарланған 20 000 теңгені есепке алмағанда, барлық номиналдағы банкноталар айналымға шығып болды. Жаңа банкноталарды шығару кезінде ескі және жаңа купюралардың айналымда қатар жүретін кезеңі болатынын атап өту маңызды. Яғни, азаматтар сауда-саттықта ескі ақшамен де төлем жасап, оларды жаңасына айырбастай алады деген сөз. Осы уақыт аралығында банктер жаңа банкноталармен жұмыс істеу үшін өзінің банкоматтары мен кассалық жабдықтарын баптайды. Бұл тәсіл ақша ауыстыру кезінде халық пен бизнесті асықтырмай, қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, номиналы 5 000 теңгелік банкноталардың айналымда қатар жүру кезеңі 2023 жылғы желтоқсаннан 2025 жылғы қыркүйекке дейін созылғандықтан, халық пен бизнес ескі ақшаларды жаңасына еш кедергісіз ауыстыруға мүмкіндік алды. Бүгінгі таңда айналымда қалған ескі үлгідегі банкноталардың көлемі 1%-дан аз. Олар банктерге кейін де түсе береді, ал кейбір бөлігі жоғалып, сыртқа әкетілуіне немесе коллекция түрінде сақталуына байланысты қайтпауы да мүмкін. 2026 жылы номиналы 2 000 және 10 000 теңгелік банкноталар үшін айналымда қатар жүру кезеңі аяқталады: — 10 000 теңге — 2024 жылғы 28 маусымнан 2026 жылғы 27 маусымға дейін; — 2 000 теңге — 2024 жылғы 25 желтоқсаннан 2026 жылғы 24 маусымға дейін. Ұлттық банк 10 000 теңгелік банкноталардың айналымда қатар жүру мерзімін ұзарту мүмкіндігін қарастырып жатыр. Себебі ол банкноталар халық пен кәсіпкерлер арасында кеңінен таралған. "Оның үстіне, 2 000 мен 10 000 теңгелердің айналымда қатар болу уақыты бір мезгілде аяқталатындықтан, банк жүйесіне қосымша ауыртпалық салуы мүмкін. Сол себепті, мерзімді ұзарту халық пен бизнеске ескі банкноталарды жаңасына біртіндеп әрі ыңғайға қарай ауыстыруға көмектеседі, сондай-ақ ескі үлгідегі банкноталардың табиғи тозуын қамтамасыз етеді", — делінген Ұлттық банк хабарламасында. Сонымен қатар, айналымдағы қатарлас кезең аяқталған соң да барлық банктер мен «Қазпошта» АҚ ескі үлгідегі банкноталарды жаңа үлгідегі ақшаларға тағы 3 жыл бойы, ал Ұлттық банктің филиалдары — мерзімсіз айырбастайтынын еске салғымыз келеді. Жаңа және ескі үлгідегі банкноталар айналымда қатар болған кезеңде заңды төлем құралы болып қала береді, олар өз құнына сай ҚР бүкіл аумағында төлемдер мен аударымдарда, банк шоттарына есептеуде қабылдауға жатады.
Read moreИпотекаға баспана алам деушілерге жаңа мүмкіндік туды
22-01-2026 Hits:42 Жаңалықтар
sitemanager

Елімізде ипотекаға баспана алам деушілерге жаңа мүмкіндік туды. Енді 2026 жылдың ақпан айынан бастап баспана кезегінде тұрғандарға тұрғын үйде үлесі болса да, жеңілдікпен ипотека алу құқығы беріледі, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрғандар үшін маңызды өзгерістер туралы "Отбасы банкі" хабарлады. Спутниктің жазуынша, енді тұрғын үйде үлесі бар, кезекте тұрған адамдар да мемлекеттен көмек ретінде жеңілдетілген ипотека немесе жалға берілетін тұрғын үй ала алады. Бұрын пәтерде аз үлесі болса да, оған мемлекеттік көмек алуға мүмкіндік болмайтын. Енді жеңілдетілген ипотекаға да, мемлекеттен тұрғын үйге де қол жеткізе алады. "Отбасы банкі" бұл мәселе заңды түрде әлі шешілмегенін айтады. Бірақ көптеген өтініш түскендіктен азаматтардың жағдайын түсініп, кезекте тұрғандарды үлестік меншікпен қарастыру туралы шешім қабылданды. Бұл мүмкіндік қазақстандықтарға 2026 жылдың ақпан айынан бастап қолжетімді болады.
Read moreҚазақстанда зейнетақы жинағы есебінен тұрғын үй алудың тәртібі өзгерді
21-01-2026 Hits:41 Жаңалықтар
sitemanager

Қазақстанда зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізілді. Тиісті бұйрыққа Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 13 қаңтарда қол қойды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. "2026 жылғы 1 қаңтардан бастап арнайы шот ашылғаннан кейін азамат тұрғын үй жағдайын жақсартуға арналған біржолғы зейнетақы төлемін алу үшін электронды өтініш толтырады. Өтініште арнайы шоттың нөмірі, қаражатты пайдалану мақсаты және қолжетімді сома көрсетіледі. Өтініш өтініш берушінің электронды цифрлық қолтаңбасымен расталады", — делінген құжатта. Бұған дейін өтініште жеке табыс салығын ұстап қалу және аудару тәсілдері де көрсетілуі тиіс болатын. Жаңартылған қағидаларға сай, біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайын жақсартуға мына мақсаттарда пайдалануға болады: — тұрғын үй сатып алуға алынған ипотекалық қарыздың негізгі қарызын толық немесе ішінара өтеу (бір банк қарызы шарты аясында жөндеу жұмыстарын жүргізу де осыған кіреді); — тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы жеке тұрғын үй салу, соның ішінде нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке қосалқы шаруашылық саналатын жер телімін сатып алу. Сонымен қатар, біржолғы зейнетақы төлемдерімен толықтырылған тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарт бойынша құқықтарды жұбайына және (немесе) жақын туыстарына беру мүмкіндігі сақталады. Алайда мұндай құқықтарды үшінші тұлғаларға қайтадан беруіне жол берілмейді. Айта кету керек, бұрын бұл норма тұрғын үй құрылыс жинақтары салымы туралы шартқа қатысты қолданылған. Өзгерістер тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы зейнетақы төлемдерін пайдалану тәртібін де нақтылайды. Атап айтқанда, белгіленген мерзімде растайтын құжаттар ұсынылмаған жағдайда, пайдаланылмаған қаражат өтініш берушінің БЖЗҚ-дағы зейнетақы шотына қайтарылады. "Егер біржолғы зейнетақы төлемі арнайы шоттан қате түрде БЖЗҚ-ға қайтарылса, уәкілетті оператор өтініш берушінің келісімін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-ға электронды хабарлама жолдайды", — деп атап өтті банк қате аударымдарға байланысты түсініктеме бере отырып. Ал БЖЗҚ бұл хабарламаны алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде қате қайтарылған соманы, өтініш берушінің жеке зейнетақы шотындағы қаражат көлемінен аспайтын мөлшерде, уәкілетті операторға қайта аударады. Кейін бұл қаражат өтініш берушінің арнайы шотына түседі. Аталған бұйрық 2026 жылғы 31 қаңтардан бастап күшіне енеді. Ал кейбір нормалар 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыла бастайды.
Read moreЕнді әскерге шақырылғандарға кредит берілмейді
19-01-2026 Hits:51 Жаңалықтар
sitemanager

Елімізде енді әскерге шақырылғандарға несие берілмейді. Банктер мен микроқаржы ұйымдары әскерге шақыру жасындағы әлеуетті қарыз алушылардың мәртебесін тексеруге міндеттеледі. Егер азаматтың әскер қатарында қызмет өткеріп жатқаны анықталса, оған кредит беруден бас тартылады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қоғамдық талқылауға шығарған бұйрық жобасында айтылған. Жоба банк қызметі туралы заңға қол қойылғаннан кейін әзірленген. Сонымен қатар, Қорғаныс министрлігі әскерге шақырылушылар туралы деректерді кредиттік бюромен алмасады. Бұл қарыздар бойынша төлемдерді кейінге шегеруге мүмкіндік береді. Әскерге шақырылушыларға кредит алуға тыйым салу мәселесі 2025 жылдың басында көтерілді. Себебі бір жыл бұрын Қазақстанда мерзімді әскери қызметшілерді кредит төлеуден 13 айға уақытша босату туралы шешім қабылданған еді. Агенттік мәліметінше 2025 жылдың мамырына дейін 20 мың адам жалпы сомасы 7,5 млрд теңге көлеміндегі төлемді кейінге шегеруге мүмкіндік алған.
Read moreКредит беру тәртібі өзгереді – Тоқаев заңға қол қойды
16-01-2026 Hits:44 Жаңалықтар
sitemanager

Елімізде кредит беру тәртібі өзгереді. Жаңа заң бойынша ипотекалық және тұтынушылық кредиттердің мөлшерлемесі жаңа әдістеме бойынша есептеледі, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. Қасым-Жомарт Тоқаев банктер және банк қызметі туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Қазіргі кезде банктер жаңа кредит туралы ақпаратты кредиттік бюроға бір сағаттың ішінде жіберіп отырады. Бірақ ол уақыттың ішінде адамдар бірнеше банктен қарызға ақша алып үлгереді. Тоқаев қол қойған заңнан кейін бірінші өтініш қанағаттандырылмаса, басқа кредиттік өтініштерді мақұлдауға рұқсат берілмейді. Осылайша, "кредиттік шопингке" тыйым салынады. Бұдан бөлек, ипотекалық және тұтынушылық кредиттердің мөлшерлемесі жаңа әдістеме бойынша есептеледі. Заң аясында криптовалюта айырбастау пункттерін ашуға да рұқсат беріледі. Бірақ оған дейін нормативтік-құқықтық актілерді рәсімдеу керек.
Read moreАлматының коммуналдық қызметі қар жауатынына байланысты күшейтілген режимге көшірілді
15-01-2026 Hits:51 Жаңалықтар
sitemanager

Ауа райының бұзылуына байланысты Алматыда 1000-нан астам арнайы техника жұмылдырылады. Алматының қалалық қызметі қардың жаууына және күннің күрт суытуына дайын, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. Алдағы күндері қар жауып, сынап бағанасының төмендеуіне байланысты Алматының коммуналдық қызметі күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды. Бұл туралы қаланың коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы мен тұрғын үй инспекциясының өкілдері айтты. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, 15 қаңтардан 16 қаңтарға қараған түні Алматыда жауған қар 17 қаңтар кешке дейін жалғасады. 16 қаңтарда түнгі және күндізгі ауа температурасы –5…–7 градус шамасында болады. Ал 17 қаңтарда түнде ауа температурасы –11…–13 градусқа дейін төмендеп, күндіз –7…–9 градус шамасында сақталады. Осыған байланысты 15 қаңтардан бастап қаладағы барлық коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшірілді. Өндірістік базаларда жүргізушілер, механизаторлар мен жол саласы жұмысшыларының тәулік бойғы кезекшілігі ұйымдастырылды. Көктайғақтың алдын алу мақсатында қар жауғанға дейін арнайы техника орналастырылатын аумақтарда 210 құм себетін көлік кезекшілікке қойылады. Сонымен қатар алдын ала негізгі магистральдық көшелерге сұйық реагенттер себілмек. Тәулік бойы 1030 бірлік арнайы техника, сондай-ақ жеке ұйымдардан тартылатын 200 техника мен 2710 жол саласы жұмысшысы жұмылдырылады. Аула аумақтарын тазалау жұмыстарына 1790 жұмысшы мен 256 бірлік арнайы техника тартылады. Бұған қоса, жолдың қауіпті учаскелерінде, еңіс пен жоталарда, сондай-ақ жолайырықтарына кіріп-шығатые жолдарға көктайғақтың алдын алу және оны уақытылы жою үшін 75 жедел бригада жол жамылғысының жағдайын үздіксіз бақылап отырады. Сонымен қатар Алматы қаласының Құтқару қызметі 16 бірлік арнайы техника мен 50 қызметкерді тарта отырып, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырады. Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан 53 бірлік арнайы техника мен 244 адамнан тұратын жеке құрам кезекшілік атқарады. Аудан әкімдіктерінде атқарылып жатқан жұмыстардың орындалуын бақылау мақсатында тәулік бойғы кезекшілік енгізіледі. Күннің күрт суытуына, көктайғақтың пайда болуына, жолда қардың нығыздалып қатуына және тротуарларда мұз қатуына байланысты қала тұрғындарынан қауіпсіздік шараларын сақтау сұралады. Жүргізушілерге қозғалыс жылдамдығын азайтып, көлік арасындағы арақашықтықты ұлғайту және шұғыл маневр жасамау ұсынылады. Жүргізу тәжірибесі аз автокөлік иелеріне жеке көлікпен жүруден уақытша бас тартып, қоғамдық көлікті пайдалануға кеңес беріледі. Ал жүргіншілерге тротуарларда абай болу, сондай-ақ көпқабатты үйлердің маңында сақтық таныту ұсынылады, себебі шатырдан қар құлауы мүмкін.
Read more2025 жылы халыққа берілген несие мөлшері жарияланды
13-01-2026 Hits:54 Жаңалықтар
sitemanager

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстан банк секторының 2025 жылғы 1 желтоқсандағы жай-күйі туралы деректерді жариялады. 2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторында 23 екінші деңгейдегі банк бар, оның ішінде 15 банк шетелдік қатысумен, оның ішінде 10 еншілес банк, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. 1 желтоқсандағы жағдай бойынша банк секторының активтері негізінен несие портфелінің 42,4 трлн теңгеге дейін 0,8%-ға өсуі есебінен ағымдағы жылғы қарашада 0,8%-ға ұлғайып, 68,3 трлн теңге құрады (2025 жылдың басынан 11,0%-ға өсу). Екінші деңгейдегі банктердің өтімділігі жоғары активтері 19,8 трлн теңге немесе активтердің 29,0%-ына тең болды, бұл банктерге өз міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Екінші деңгейдегі банктердің экономикаға берген кредиттері 2025 жылғы қарашада 0,7%-ға 39,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2025 жылдың басынан 16,8%-ға өсу). Бұл ретте, ұлттық валютада берілген кредиттер 1,2%-ға 36,0 трлн теңгеге дейін өсті, шетел валютасында берілген кредиттер, негізінен, теңге бағамының АҚШ долларына қатысты 3,4%-ға нығаюы аясында теріс қайта бағалау нәтижесінде 3,4 трлн теңгеге дейін 4,5%-ға төмендеді. Теңгемен берілген кредиттердің үлес салмағы 2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 91,3%-ға жетті (01.01.2025 ж. — 91,2%). Бизнес субъектілеріне берілген кредиттер базалық мөлшерлеменің 2025 жылғы қазанда 16,5%-дан 18%-ға өсуі аясында 2025 жылғы қарашада 0,2%-ға 14,8 трлн теңгеге дейін (2025 жылдың басынан бастап 13,5%-ға өсу) төмендеп кетті. Бұл ретте ірі бизнеске берілген қарыздар 2,2%-ға 5,3 трлн теңгеге дейін төмендеді, ШОБ субъектілеріне 0,8%-ға 6,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды, жеке кәсіпкерлерге 1,5%-ға 3,1 трлн теңгеге дейін өсті. Салалар бөлінісінде ағымдағы жылғы 11 айда кредиттердің өсуі барлық салада байқалады. Атап айтқанда: ауыл шаруашылығында — 512 млрд теңгеге дейін 6,4%-ға,өнеркәсіпте — 4,9 трлн теңгеге дейін 11,5%-ға,көлікте — 921 млрд теңгеге дейін 3,0%-ға,ақпарат және байланыста — 210 млрд теңгеге дейін 36,8%-ға,саудада — 4,1 трлн теңгеге дейін 18,4%-ға,құрылыста — 807 млрд теңгеге дейін 18,9%-ға өскен. 2025 жылғы қарашада бизнес субъектілеріне 1,6 трлн теңге сомаға жаңа қарыздар берілді, бұл 2024 жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 14,3%-ға кем. Бұл ретте, 2025 жылғы 11 айда бұл көрсеткіш 17,5 трлн теңгені құрады, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 8,7%-ға көп. Бизнес субъектілеріне ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 2025 жылғы қарашаның қорытындысы бойынша 22,3%-ды құрап, 0,3 п. т. өсті. Ірі бизнеске және ШОБ субъектілеріне теңгемен кредиттер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 20,1%-ды, ДК — 30,4%-ды құрады. "Халыққа берілген кредиттер бір айда 1,2%-ға ұлғайып, 24,6 трлн теңгеге жетті (2025 жылдың басынан 18,8-ға өсу). Кредиттер құрылымында тұтынушылық қарыздар 1,4%-ға 16,6 трлн теңгеге дейін өсті. Бір айда ипотекалық кредиттер 1,1%-ға 6,8 трлн теңгеге дейін ұлғайды. 2025 жылғы қарашада халыққа берілген жаңа қарыздар 1,6 трлн теңгені құрады. Бұл ретте 2025 жылғы 11 айда бұл көрсеткіш 17,8 трлн теңгені құрады, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 9,6%-ға көп. Сонымен қатар қарашада халыққа ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі бөліп төлеуге берілген қарыздар үлесінің ұлғаюы аясында 1,6 п. т. азайып, 18,2%-ды құрады. Ипотекалық қарыздар бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 9,6%, тұтынушылық қарыздар бойынша 19,1% шамасында болды", — делінген хабарламада. Кредит портфелінің сапасы жоғары деңгейде сақталып отыр. 2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша банк секторы бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар (NPL90+) деңгейі өткен ай деңгейінде сақталып, несие портфелінің 3,7%-ын немесе 1,6 трлн...
Read moreҚазақстанға -38 градус аяз жақындады
12-01-2026 Hits:54 Жаңалықтар
sitemanager

Елімізде қаңтар айының ортасында қатты аяз болады. Казгидромет болжамына сүйенсек, -38 градус суық түспек, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. "Қазгидромет" 13-15 қаңтарға жасалған ауа райы болжамын жариялады. Ведомствоның мәліметінше Қазақстанда жақын күндері қатты аяз болады. Бұған дейін жайлы болған қаңтар 13-не қарай қаһарына мінеді. "Қазақстан аумағына суық антициклон келе жатыр. Біздің республикамыздың аумағы арқылы тез ауысып, ол алдымен солтүстікке барады. Содан кейін елдің қалған бөлігінде ауа температурасы айтарлықтай төмендейді", - дейді синоптиктер. 14 қаңтарда солтүстік, 15 қаңтарда шығыс аймақтарда сынап бағанасы түнгі уақытта 30-38 градусқа дейін төмендейді. Аязды ауа райына қарамастан, антициклон тез ауысады. Салдарынан жел күшейеді. Елдің солтүстік жартысында жекелеген аудандарда боранның екпіні секундына 28 метрге жетеді.
Read moreҚазақстанда әскерге жарамдылық туралы анықтаманы e-Gov-тан алуға болады
09-01-2026 Hits:62 Жаңалықтар
sitemanager

Елімізде әскерге жарамдылық туралы анықтаманы енді e-Gov-тан алуға болады. «Smart военкомат» жобасы аясында Қорғаныс министрлігі e-Gov электрондық үкімет порталының «Жеке кабинетінде» азаматтарға арналған жаңа қызметті іске қосты, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. ҚазАқпараттың жазуынша, бұл қызмет арқылы пайдаланушылар азаматтың әскери қызметке қатыстылығы, әскери есепте тұруы, әскери қызметтен өткен кезеңдері, оның ішінде әлеуметтік төлемдер алуға құқық беретін мерзімдер туралы мәліметтерді жүктеп алып, мессенджерлер арқылы жіберіп немесе басып шығара алады. Тәжірибе көрсеткендей, әсіресе әскери қызметке жарамдылық дәрежесі туралы ақпаратқа сұраныс жоғары. Аталған мәліметтерді алу үшін e-Gov порталының «Жеке кабинетіне» кіріп, «Әскери қызмет» бөліміндегі «Жүктеу» батырмасын басу жеткілікті. Әскери есеп мәселелеріне жауапты Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаментінің айтуынша, болашақта бұл деректерді m-Gov мобильді қосымшасы мен екінші деңгейлі банктердің сервистері арқылы да алу мүмкін болады. Жаңа қызмет оқу орнына құжат тапсыру, әскери қызметке немесе құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарға жұмысқа орналасу кезінде құжат жинау процесін айтарлықтай жеңілдетеді.
Read moreЕлде SIM-карта алудың талаптары күшейді
07-01-2026 Hits:60 Жаңалықтар
sitemanager

Елімізде SIM-картаға қатысты жаңа талап күшіне енді. Бұдан былай телефон нөмірі биометриялық тексеруден өтпейінше жұмыс істемейді, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. ҚазАқпараттың жазуынша, енді әр SIM-карта нақты бір адамға тіркелуі керек. Байланыс картасын бұрынғыдай дүкеннен сатып алуға болады. Бірақ оны іске қосу үшін бет-әлпетті тану арқылы тіркелу қажет. Смартфоны барлар мұны оператордың қосымшасы арқылы жасай алады. Ал интернеті жоқ немесе батырмалы телефон ұстайтындар байланыс орталығына барып тіркеледі. Жаңа ереже бойынша бір адам ең көбі 10 SIM-карта ғана ала алады. Бұл өзгеріс интернет-алаяқтықты азайту үшін енгізілді. Себебі соңғы уақытта алаяқтар тіркелмеген нөмірлерді жиі пайдаланған. Мәселен, өткен айда Алматыда Ресей азаматы 300 SIM-картамен ұсталды.
Read moreАлматылық "Қайрат" - әлемнің үздік футзал клубы атағына үміткер
Алматылық "Қайрат" футзал клубы беделді халықаралық Futsal Planet Awards 2025 сыйлығының номинанттары қатарына енді, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. Команда "Әлемнің үздік футзал клубы" атағына таласады. Алматылық ұжым бұл номинацияда Испания, Аргентина, Бразилия, Италия, Таиланд және Уругвайдың алдыңғы қатарлы клубтарымен бәсекеге түседі. Жүлде иегері 7 қаңтар күні анықталады. Ал ақпанның 23-і "Қайрат" Чемпиондар лигасының ширек финалында Испанияның "Картахена" клубымен бірінші кездесуін өткізеді. Матч Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді.
Кәсіпкерлерге арналған бірыңғай байланыс орталығы іске қосылады
Елімізде 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап «Даму» қорының жанында «Бәйтерек» холдингінің «Бірыңғай байланыс орталығы» жұмыс істей бастайды. Енді кәсіпкерлер холдингтің барлық еншілес компаниясына қатысты сұрақтарына жауапты бір жерден алады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. ҚазАқпараттың жазуынша, 1408 бірыңғай нөмірі бұрын тек «Даму» қорының бағдарламалары бойынша ғана консультация берсе, енді басқа да мемлекеттік бағдарламалар бойынша да ақпараттандырады. Атап айтқанда: «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ«Экспорт-кредит агенттігі» АҚ«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ«Қазақстанның тұрғын үй компаниясы» АҚ — заң мәселелері бойынша«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ«ҚазАгроҚаржы» АҚ секілді холдингтің еншілес компаниялары сұраққа жауап беруге дайын Байланыс орталығының операторлары қазір жұмыс істеп тұрған бағдарламаларды таңдауға көмектеседі және қажет болған жағдайда нақты мамандарға қосады. "Бірыңғай байланыс орталығы" — кәсіпкерлерге ақпарат іздеуге және даму институттарымен өзара іс-қимылды неғұрлым ыңғайлы және түсінікті етуге, ізденуге аз уақыт жұмсауға бағытталған. Жоба «Бәйтерек» холдингінің цифрландыру стратегиясы аясында жүзеге асырылып жатыр және клиенттерге деген сервисті дамытудағы маңызды қадам", — делінген Экономика министрлігі таратқан хабарламада.
Қазақстанда 2025 жылы қанша көлік шығарылды
Елімізде былтыр қанша көлік шығарылғаны белгілі болды. Тіпті Ұлттық статистика бюросы бұл деректі рекордтық көрсеткішке балап отыр, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. Бюро дерегіне сүйенсек, 2025 жылдың 11 айында Қазақстанда 2,03 триллион теңгеге 146 163 көлік көлік шығарылған. Бір қараша айында 311,1 млрд теңгеге 22 580 дана техника шығарылыпты. Бұл өткен жылдағы ең жақсы айлық көрсеткіш. 2024 жылдың қараша айымен салыстырғанда шығарылым көлемі 25,5%-ға өсті. "Әсіресе жеңіл автомобильдер көп шығарылды. Бір айда қазақстандық кәсіпорындар 20 730 жеңіл автокөлік, 807 жүк көлігі, 646 автобус, 310 тіркеме және жартылай тіркеме жасап шығарды. Сондай-ақ 87 арнайы мақсаттағы көлік шығарды", - дейді министрлік. Нәтижесінде Chery, Changan және Haval халықаралық брендтерінің жаппай өндірісі іске қосылды. Олар Қазақстанда жергілікті деңгейде өндіріледі. "2025 жылдың 11 айында Қазақстанда 2,03 триллион теңгеге 146 163 дана көлік өндірілді, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,7%-ға артық", - дейді көлік министрлігі. Бүгінде автомобиль жасау саласы бүкіл машина жасау секторының 41,7%-ін құрайды.
Жаңа жыл мерекесі күндері Алматы полициясы күшейтілген режимде қызмет атқаруда
Жаңа жыл қарсаңында және мерекелік күндері Алматы қаласында қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілді. Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Серік Шумаев мәлімдеді, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. Оның айтуынша, адамдар көп жиналатын орындарда, қала көшелерінде және тұрғын алаптарда полиция жасақтары мен патрульдік экипаждардың саны арттырылған. «Алматы полициясы күшейтілген қызмет атқару режиміне көшті. Қызметкерлеріміз көшелерде, қоғамдық орындарда және жолдарда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, қала тұрғындары мен қонақтарының мерекені тыныш әрі қауіпсіз өткізуі үшін тәулік бойы қызмет етуде», – деді Серік Шумаев. Мереке күндері құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтауға, сондай-ақ балалар мен кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылуда. «Қала тұрғындарын қоғамдық тәртіп ережелерін сақтауға, тұрғын аулаларда тыныштықты бұзбауға, балалар мен қарттардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырамыз. Әрбір саналы әрекет – қаламыздағы тыныштық пен тәртіптің кепілі», – деп атап өтті спикер. Сонымен қатар, полиция тарапынан профилактикалық жұмыстар жүйелі түрде жалғасып, құқық бұзушылықтың әрбір дерегіне жауапкершіліктің бұлтартпастығы қағидатына сәйкес заң аясында тиісті шаралар қабылданатыны айтылды. Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Қазақстан онлайн қызметтер сапасы бойынша үздік 10 елдің қатарына кірді
Қазақстан онлайн қызметтер сапасы бойынша биыл ТОП-10 елдің қатарына кірді. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. Министрлік дерегіне сүйенсек, 2025 жылы Қазақстанда екі суперкомпьютер іске қосылған. Олардың бірі әлемдегі 500 суперкомпьютер арасында 86-шы, ал екіншісі 103-і орынды иеленді. "2025 жылы Қазақстанда екі суперкомпьютер іске қосылды. Олардың бірі әлемдегі 500 суперкомпьютер арасында 86-шы, ал екіншісі 103-і орынды иеленді", - деді ведомство басшысы Жаслан Мәдиев. Ол сондай-ақ Astana Hub қазір Қазақстанның 20 өңірінде жұмыс істеп тұрғанын және шетелге шыққанын атап өтті: хабтар АҚШ-та, Қытайда, БАӘ-де және Ұлыбританияда ашылған.
Рұқсат құжаттары мен лицензияларды ұзарту енді SMS арқылы еске салынады
eLicense.kz порталында пайдаланушыларға рұқсат құжаттары мен лицензиялардың мерзімі аяқталатыны туралы хабарлау функциясы енгізілді. Енді жүйе құжат мерзімі бітуге 30 күн қалғанда автоматты түрде SMS-хабарламалар жібереді. Бұл пайдаланушыларға алдын ала дайындалып, өз қызметінде кідірістердің алдын алуға мүмкіндік береді. Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мәлім етті, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. ҚазАқпараттың жазуынша, бұрын пайдаланушылар рұқсат құжаттары мен лицензиялардың мерзімін өздері бақылауы тиіс болатын. Жаңа хабарландыру қызметі мемлекеттік электрондық қызметтерді пайдалану тиімділігін арттырып, пайдаланушыға құжаттарды уақытында ұзарту үшін алдын ала әрекет жасауға мүмкіндік береді. "SMS-хабарламаларды автоматты түрде жіберу функциясы тек мерзімі белгіленген рұқсат құжаттары мен лицензияларға қатысты қызметтер үшін іске асырылған. Хабарламалар электрондық үкіметтің SMS-шлюзі арқылы 1414 қысқа нөмірінен жіберіледі", — делінген хабарламада. Хабарлама мысалы: «Құрметті пайдаланушы, Сіздің рұқсатыңыздың (рұқсат немесе лицензияның бірегей нөмірі) қолданылу мерзімі 30 күннен кейін аяқталады. Толық ақпарат алу үшін жеке кабинетке кіріңіз». МАҢЫЗДЫ! Пайдаланушылардың назарына: SMS-хабарламалар eLicense.kz порталының ресми хабарландыруы болып табылады. Хабарлама пайдаланушының өтініш берген кезде көрсеткен телефон нөміріне жіберіледі. Сонымен қатар, нөмірдің дұрыстығы алдын ала Мобильді азаматтар базасымен (МАБ) сәйкестендіру сервисі арқылы тексеріледі. Осылайша, пайдаланушылар eLicense.kz порталында рұқсат құжаттары мен лицензияларын уақытында жаңарта алады. SMS-хабарламалармен қатар, порталдағы кейбір мемлекеттік қызметтерде рұқсат құжаттарын проактивті түрде қайта рәсімдеу мүмкіндігі қарастырылған. Бұл процесс автоматты түрде жүзеге асады, мемлекеттік органдардың қатысуын немесе қосымша әрекеттерді қажет етпейді. Проактивті қайта рәсімдеу лицензия иесінің негізгі деректерін, мысалы, аты-жөні немесе ұйым атауы өзгерген жағдайда қолданылады. Мұндай қызметтерге мыналар жатады: — Пестицидтердің мемлекеттік тіркеуі; — Шығу тегінің, элиталық тұқымдардың, бірінші, екінші және үшінші репродукция тұқымдарының, сондай-ақ тұқым сатушылардың аттестациясы; — II категориялы объектілерге әсер етуге экологиялық рұқсат беру; — I категориялы объектілерге әсер етуге экологиялық рұқсат беру; — Бағдарламалық қамтамасыз ету мен электрондық өнеркәсіп өнімдерін сенімді бағдарламалар мен өнімдер тізіліміне қосу немесе шығару. Жаңа функционал Қазақстан Республикасы Ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлескен жұмысының нәтижесінде іске асырылды.
Қазақстандықтар 2026 жылдан бастап жеке куәлікті тегін алады
Елімізде 2026 жылдан бастап жеке куәлік пен туу туралы куәлікті алу тегін болмақ. Мұндай ақпаратты Спутник жазды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. Мәліметке сүйенсек, көптеген мемлекеттік қызмет пен алымның бағасы АЕК-ке байланысты болғандықтан, құжаттарды ресімдеу 10%-ға өседі. Яғни, 2026 жылы жеке куәлікті растайтын құжаттардың құны өзгереді. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 4325 теңгеге дейін өседі. 2025 жылы АЕК 3932 теңгені құрады. Көптеген мемлекеттік қызмет пен алымның бағасы АЕК-ке байланысты болғандықтан, құжаттарды ресімдеу 10%-ға өседі. Мысалы, төлқұжат ересек адам үшін 8 АЕК немесе 34 600 теңге тұрады. Балалар үшін 4 АЕК немесе 17 300 теңге тұрады. Сонымен қатар, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан азаматтары жеке куәлікті тегін ала алады. Бұл қағида жеке куәлікті бірінші рет алатын және мерзімі аяқталғаннан кейін жаңартатын азаматтар үшін жарамды. "Бірінші рет берілетін жеке куәлік тегін болады. Сонымен қатар, жеке куәліктің мерзімі аяқталғаннан кейін оны ауыстырған кезде де мемлекеттік алымсыз беріледі", - деді көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов. Жалпы, жеке куәліктің құны 0,2 АЕК немесе 865 теңге болады. Ал туу туралы куәліктер 1 қаңтардан бастап Қазақстан азаматтары үшін тегін болады.
Белгілі актер Асаналі Әшімов өмірден озды
Кино және театр актері, режиссер, педагог, профессор, Қазақ КСР және КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімов 88 жасында өмірден озды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. Белгілі актер Асанәлі Әшімов 1937 жылы 8 мамырда Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жайылмада дүниеге келген. Президент 88 жасында көз жұмған Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовтің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. "Асанәлі Әшімов бүкіл саналы ғұмырын театр және кино саласына арнап, төл мәдениетіміздің көкжиегін кеңейтуге өлшеусіз үлес қосты. Ол көптеген образдарды шебер сомдап, көрермен қауымның ыстық ықыласына бөленді. Cахна саңлағы әрі кәсіби киногер ретінде соңына өшпес із қалдырды. Жас өнерпаздарға бағыт-бағдар беріп, рухани сабақтастықтың сақталуына зор еңбек сіңірді. Өрелі өнердің туын биік ұстап, өнегелі ғұмыр кешкен Асанәлі Әшімовтің жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде сақталады", – деп жазылған жеделхатта. 1956 - 1961 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының театр факультетін актер мамандығы бойынша тәмамдаған Асанәлі Әшімов Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театры сахнасында М. Әуезовтің «Абайында» Керім, «Еңлік-Кебегінде» Кебек, «Қара қыпшақ Қобыландысында» Айшуақ, «Таңғы жаңғырығында» Жарасбай, Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлуында» Қодар, Қ.Мұхамеджанов, Ш.Айтматовтың «Көктөбедегі кездесуінде» Иосиф Татаевич, Шекспирдің «Юлий Цезарінде» Юлий Цезарь, М.Фриштің «Дон Жуанның думанында» Дон Жуан, Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен терінде» Еламан, И. Вовнянконың «Апатында» бас кейіпкер, тағы да басқа көптеген қойылымда көрнекті актердің айшықты өнегесі мен өрнекті ізі жатыр. Ал, А. Әшімовтің қара шаңырақ сахнасындағы соңғы күрделі жұмысы Г. Гауптманның «Ымырттағы махаббат» драмасындағы доктор Клаузен және тағы басқа көптеген образды сомдады. Асанәлі Әшімов – қазақ киносын әлемдік деңгейге көтерген актерлердің бірі болып есептеледі. Оның кинодағы Бекежан («Қыз Жібек», 1971), Шадияров (“Атаманның ақыры», 1971, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының, 1972), Мәмбет («Сарқырама», 1973), Қасымханов («Трансібір экспресі»), 1977, бүкілодақтық 11-кинофестивальдің жүлдесі, 1978), Кемел («Нан дәмі»), Нұрғазы («Алатаудың ай мүйізі»), Қаражал («Жаушы», 1980), Шыңғыс хан («Бұлғар даласынан ескен жылы жел», 1998) рөлдері нағыз актерлік шеберліктің үлгісі іспетті. Әшімов режиссер ретінде кең танылды. Ол сахналаған Н.Гогольдің «Ревизор» (1979, өзі Дуанбасының рөлін…
Елімізде жетім балалардың құқын қорғау жүйесі жетілдірілді
Қазақстанда жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіруге бағытталған бірқатар кешенді шешім қабылданды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. Ведомство дерегінше, Мемлекет басшысы қол қойған жаңа заң балалардың мүддесін қорғауға бағытталған жүйелі өзгерістерді көздейді және ол 2026 жылғы 4 ақпанда күшіне енеді. Заң нормаларына сәйкес, бала тәрбиесі барысында қамқоршының, қорғаншының немесе асырап алған ата-ананың соттылығы бар екені анықталса, сондай-ақ олардың психикалық немесе наркологиялық диспансерде есепте тұрғаны белгілі болса, мұндай тұлғалар бала тәрбиелеу құқығынан дереу айырылады. Бұдан бөлек, үстінен қылмыстық іс қозғалған азаматтарға бала асырап алуға, қамқоршы немесе патронат тәрбиеші болуға тыйым салынады. Жаңа талаптар балаларды ықтимал қауіп-қатерден қорғауға және олардың қауіпсіз ортада тәрбиеленуін қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар, заңнамаға алғаш рет қамқоршылар, қорғаншылар, патронат тәрбиешілер мен асырап алған ата-аналар үшін жыл сайын сенімділікті растау міндеті енгізілді. Енді олар денсаулық жағдайы, тұрғылықты мекенжайы және соттылығының жоқтығы туралы мәліметтерді тұрақты түрде ұсынуы тиіс. Сондай-ақ, бала алдымен жақын туыстарына, ал ондай мүмкіндік болмаған жағдайда ерлі-зайыпты отбасыларға берілуі тиіс деген тәртіп заңмен нақты бекітілді. Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова қабылданған өзгерістердің маңызын атап өтті. "Жетім балалардың құқықтарын қорғау – үнемі жүйелі назарды талап ететін маңызды сала. Биыл қабылданған шаралар қолданыстағы тетіктерді күшейтіп, қамқоршылық органдарының жұмысын баланың мүддесі мен қауіпсіздігін басшылыққа ала отырып ұйымдастыруға мүмкіндік берді", – деді ол. Биылғы маңызды жаңалықтардың бірі – кәсіби қабылдаушы отбасы институтының енгізілуі. Бұл модель баланың тұрақты тұратын жері анықталғанға дейін оны қауіпсіз әрі отбасылық ортада уақытша тәрбиелеуге бағытталған. Сонымен қатар тәлімгерлік жүйе де дамып келеді. Қазіргі уақытта еліміздің 20 өңірінде 360-тан астам азамат жетім балаларға тәлімгерлік етуде. 2025 жылдан бастап балаларды мемлекеттік мекемелерге орналастыру тәртібі де қайта қаралды. Енді бала анықталған жағдайда, ол алдымен үш күнге дейін медициналық ұйымға жіберіліп, денсаулығы мен қажеттіліктері жан-жақты бағаланады. Сондай-ақ алғаш рет қамқоршылық органдары үшін нақты штат нормативі бекітілді. Енді әр 5 мың балаға кемінде бір маманнан келуі тиіс. Бұл шешім…
- 1
- 2
- 3




