Елімізде АЭС салу бойынша өткен републикалық референдумның алдын ала қорытындысы жарияланды. Ондағы деректе құрылысты қолдағандар қатары 70 пайыздан асып жығылған, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Таңғы сағат 8:00 жағдай бойынша барлық жерде дауыс санау аяқталды. Осылайша орталық референдум комиссиясы АЭС салу бойынша өткен республикалық референдумның алдын ала қорытындысын жариялады. Соңғы мәліметке сәйкес, кешегі референдумда дауыс беруге құқылы азаматтардың (12 284 487 адам) 63,66 проценті (7 820 204 адам) дауыс берген.
Референдумның алдын ала нәтижесі мынадай:
- Қолдағандар – 71,12 процент (5 561 937 адам);
- Қарсы дауыс бергендер – процент 26,15 (2 045 271 адам);
- Жарамсыз және есепге алынбаған дауыстар – 2,73 процент ( 212 991 бюллетень)
"Жауаптың екі нұсқасы да таңдалған, яғни жарамды деп танылған, бірақ дауыстарды санау кезінде есепке алынбайтын бюллетеньдердің саны - 82 724, белгіленген үлгідегі дауыс бергендердің ерік білдіруін айқындау мүмкін емес және жарамсыз деп танылған бюллетеньдердің саны 130 267 дананы құрады", - дейді комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіров.