Қазақстан Азия ойындарында екінші алтын мадельге ие болды. Бұл жолы 10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ ату сайысында Зухра Ирназарова биіктен көрінді, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, 10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ ату сайысында 18 жастағы Зухара Ирназарова чемпион атанды. Отандасымыз сайыста 560 ұпай жинады. Ал Солтүстік Кореядан келген екі мерген қыз 554 ұпай алған.
Осылайша Азия ойындарында ел құрамасының қоржынына екінші алтын түсті.
Еске салайық, бұған дейін Әсем Орынбай, Зоя Кравченко және Ольга Панаринадан жасақталған командамыз алғашқы алтынды қоржынға салған еді.