Азия ойындарында ел спортшылары қоржынға бесінші алтын салды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. 

Бұл жолғы жүлде веложарыстан. Алексей Луценко шосседегі веложарыста ұзындығы 39,6 шақырым қашықтықта 48:05.75 нәтижемен үздік шықты. Осылайша Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында жеңімпаз атанды. 

Бұл сайыс бойынша қытайлық Сю Мин екінші, гонконгтық Винсент Лау үшінші орынға ие болды.