Еліміздің бірқатар өңірлерінде күн райы күр суытпақ. Тіпті -35 градусқа дейін аяз жүреді деп болжануда. Мұндай деректі синоптиктер жариялады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. 

Казгидрометтің дерегіне сүйенсек, 9 желтоқсанда солтүстік антициклон солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарды тез басып өтеді. Суық ауа массаларының әсерінен жауын-шашын тоқтап, алдымен елдің солтүстік жартысында, содан кейін бүкіл Қазақстан бойынша температура күрт төмендейді.

Температураның түнде төмендеуі:
 
солтүстікте -22 -30 Цельсий градусқа дейін;
 
шығыста -27-35 Цельсий градусқа дейін;
 
оңтүстікте және оңтүстік-шығыста -10 -20 Цельсий градусқа дейін.
 
Сонымен қатар, "ҚазАвтоЖол" бірнеше күннен бері жол қозғалысына шектеулер енгізілгені туралы ескертіп жатыр. Оған қолайсыз ауа райы себеп.
8 желтоқсанда 15 аймақта қар жауады деп күтіліп отыр. Сондықтан жүргізушілерге жылдамдық шектеулері мен қауіпсіздік ережелерін сақтауға, сондай-ақ жол жағдайының нашарлауына назар аударуға шақырды.