Алматы облысында Атом электр станциясын салу бойынша жария талқылау өтті. Үлкен ауылының тұрғындары станция құрылысына қатысты оз ойларын ортаға салды. Көпшілік талқылауға біздің арнаның түсіру тобы да  қатысты.

Тыңдауға жергілкіті халық, БАҚ өкілдері, Алматы облысының қоғамдық кеңесі, ҚР Энергетика министрлігі, Алматы облысының әкімдігі мен  салалық сарапшылар қатысты. Айта кетейік, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС жүргізген зерттеулерінің қорытындысы бойынша атом электр станциясы құрылысының ең қолайлы ауданы ретінде Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Үлкен ауылының аумағы ұсынылған. Мамандардың айтуынша, атом электр станциясы ауылда салынатын болса, бұл стратегиялық нысан тек ауылдың ғана емес, елдің де экономикасына оң әсер етеді.

СИЯБЕКОВ АСЛАН ҚАЭС ЖШС ЖЕТЕКШІ ИНЖЕНЕРІ

«Түркия мемлекетін алып қарайтын болсақ мысалы мың адам бар қалада АЭС салыну барысында соңғы 10 жылда тұрғындардың саны 8-10 мыңға дейін өскен. Яғни оған қарасты әлеуметтік жағдайда халықтың әлеуметтік жағдайының жақсарғанын да көруге болады. Өйткені ол жерге жаңа ауруханалар,балаларға мектеп,балабақша сияқты әлеуметтік жобалар іске асырылған болатын. Егерде осы ауданда да салынып жататын болса оң әсерін тигізеді дегенге біздің сеніміміз мол».

Тыңдау барысында азаматтар технологиялардың қауіпсіздігі, АЭС құрылысының әлеуметтік-экономикалық аспектілері бойынша өздерін қызықтыратын сауалдарға жауап алып, өз ойларын айтты.

«Біз мұнда қырық жыл тұрып жатырмыз. Біз атом электр станциясының салынуын қолдаймыз. Бізге ол керек. Біздің Үлкенімізге керек, Қазақстанымзға керек».

«Бізге бұл құрылыс ауадай қажет. Бізге жұмыс орны керек. Сондықтан мен атом электр станциясының құрылысына қарсы емеспін. Керісінше өте қуаныштымын».

Жалпы, Үлкен ауылы тұрғындары атом электр станциясының құрылысына қарсы емес, керісінше тезірек жүзеге асып, елдің әлеуметтік жағдайы жақсарса екен деген пікірде.

БОЛАТҚАЛИ РАХИМОВ ҮЛКЕН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

« Уранды игеру керек, атомды игеру керек, термоядроны игеру керек. Осының бәрін игермесек, біздің болашағымыз не болмақ.

Заң бойынша атом электр станциясы орналасқан жерді үкімет шешімімен бекіту керек. Ондай шешім алдымен жергілікті өкілділік органымен келісіледі.

ТОҚТАРХАН АЛИЕВ ҮЛКЕН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

«Мен өзім энергетикпін. Осы құрылыс болсын деп сол құрылыста маман болсам да,жұмысшы болсам да келіп сол салада жұмыс істеймін деп оқуды бітіріп. Енді өікінішке орай артқа созылып жатыр. 00/55-01/42 Қазір технологияның бәрі өзгерген,бәрі басқаша. Көзіміз ашық көріп отырмыз Түркияда,Америкада да өзенге орнатып жатыр. Бұл жерде аса қауіп жоқ. Энергия ол бізге керек. Халқымыз кәзір көбейіп келе жатыр. Халық көбейгесін заводтар да көбейеді. Тоқты кімнен алады. Біздің өзіміздікі болу керек».

Ауыл тұрғындары келісімін берсе, технологиялық және экологиялық шешімдерді таңдау жұмыстарының келесі кезеңі басталады. Техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп, қоршаған ортаға тигізетін әсері бағаланады, сондай-ақ барлық мүдделі тараптың пікірлері тыңдалады дейді Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов .

«Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС директоры Тимур Жантикиннің сөзіне қарағанда, биыл үкіметтің АЭС-тың орналасу жеріне қатысты қаулысы шықса, сондай-ақ технологияны жеткізетін компания анықталған жағдайда техникалық-экономикалық негіздеме 2025 жылда дайын болады. Сосын оны мемлекеттік сараптамадан өткізу керек.