height="315" src="/
Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры жаңа маусымын ашты. 99-маусымының шымылдығы Ғабит Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш-Баян Сұлу” спектаклімен түрілді, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Маусымашарға арналған баспасөз мәслихатында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының көркемдік жетекшісі, Қазақстан Республикасының Еңбек Ері, КСРО және Қазақстанның халық артисі Асанәлі Әшімов өз тілегін білдірді.
Сонымен қатар, театр директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Еркін Жуасбек театр ғимаратының екі жылға жөндеу жұмыстарына байланысты жабылғанын да айта кетті. ҚазАқпараттың жазуынша жөндеу жұмыстары 2026 жылы аяқталады.
“Соған байланысты ертеңнен бастап Талғар, Есік қалаларында, қараша айында Қаскелең, Ұзынағашта және Қонаев қаласында спектакль қоямыз. Сондай-ақ биылғы үлкен үш сапарымыз – Ақтөбе, Қостанай және көршілес қырғыз елінің астанасы Бішкек қаласында болады. Айта кеткен жөн, театрдың жобалары мен жаңа қойылым шығарудың өзі осы 2 жылда тоқтайды. Өйткені киім тігу үшін, декорация жасайтын цехтарымыз өзіміздің ғимаратта қалды. Сондықтан негізгі міндетіміз – репертуарымыздағы 70 спектакльді көрерменге көрсету”, - деді театр директоры.