Жаһандану заманында ғылымының алар орны ерекше.Өйткені өмірдің өзегі жаңашылдыққа жетелейді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевта ғылым өкілдерімен кездескенде айтулы салаға аса ыждахаттылық танытып,мемлекет тарапынан қолдаудың жылдан жылға артып келе жатқандығын алға тартып отыр. Жастар қоғамның қозғаушы күші, келешегіміздің кепілі. Сондықтан олардың ғылымға бір табан жақын болуы, баршамызға ортақ мәселе деуге болады.

Әңгіменің әлқисасын жағымды жаңалықтан бастаған жөн болар. Оңтүстік астанамызда 20 жылға жуық үзілістен кейін Оқушылар сарайында обсерватория жұмысын бастады. Жаңа, жоғары технологиялық обсерваторияда зерттеушілер мен астрономия әуесқойларына ғарыш құпияларын теңдесі жоқ дәлдікпен және егжей-тегжейлі зерттеуге мүмкіндік беретін төрт заманауи телескоптармен жабдықталған. Ғылыми-техникалық бөлім обсерваториясының меңгерушісі Ақсұңқар Мұхамедиярұлының айтуынша, төрт телескоптың үшеуі – жұлдыздардың, планеталардың және галактикалардың анық және жарқын кескіндерін қамтамасыз ететін түнгі бақылауларға арналған. Төртінші, Coronado хромосфералық телескопы, күндізгі уақытта күнді бақылау үшін арнайы әзірленген, күн белсенділігі мен оның жерге тигізетін әсерін зерттеуге бірегей мүмкіндіктер береді.

Құрылғылардың  әрқайсысының керемет сурет сапасы бар, ол терең ғарыш кеңістігі болсын немесе жұлдыздар болсын, объектілердің ең кішкентай бөлшектерін нақты көрсетете алады. Жоғары ажыратымдылық қабілеттілігі мен озық оптикалық технологиялар зерттеушілерге дәл деректер мен көптеген жай аспаптарда жоқ таңғажайып визуалды әсерлер бермек.Обсерватория жас алматылықтар үшін зерттеулер жүргізетін, планеталар мен галактикаларды іздейтін, ғарыш саласындағы жаңа жаңалықтар ашатын орынға айналды. Мәселен, 7 сынып оқушы Әбілқайыр Чапаев күнің жерге қаншалықты зиян келтіретін зерттеп, бірегей жоба ойлап тапқан.

«Мен күн сәулесі де жер сілкінісін тудыратынын анықтадым. Зерттеулерім көрсеткендей, тиктоникалық жарықтарға күн сәулесі тікелей түскен кезде жер тербеледі. Бұл жобаны Мемлекет басшысы алдында да қорғадық. Мен осы жердегі жетекшілерімен бірге арқы қарай зерттейтін боламын», - дейді Әбілқайыр Чапаев. 

Жас ғалымдардың айтуынша жоба арқылы жердің стратосфералық қабаттарының жай-күйі және жерге жақын ғарыштық кеңістіктегі астрономиялық қозғалыстар туралы өзекті ақпаратты жинауға мүмкіндік туған. Наноспутник ауада шамамен 10,5 сағат болған, ол бұрынғы Семей полигоны аймағындағы экожүйені сақтау және қалпына келтіру үшін ақпарат жинаған. Болашақта наноспутниктік модельді жетілдіру және оның негізінде заманауи экономиканың әртүрлі салаларына арналған деректерді жинау, сақтау және визуализациялау үшін көп функционалды хаб құру міндеті тұр деп отыр,жобаның иесі.

Бүгінде бұл жерге 60 жуық бала келеді. Олар жоба дайындап, соны қорғап, білімдерін жетілдіреді.Оқушылар сарайының обсерваториясы 1983 жылы ашылған. Обсерватория сарай ғимаратының композициялық дизайнына үйлесімді түрде тоғысқан – галактика спиралы іспеттес. Обсерваторияны жаңғырту – Алматы әкімдігінің бастамасымен және қолдауымен жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жоба. Бұл аспан әлемін зерттеуге ынталы жастар үшін таптырмас ғылыми орда деуге болады.

Уәлиев Олжас, "Алатау" телеарнасы Қазақ редакциясының бас редакторы