Қазақстанда балалардың қауіпсіздігін бақылау үшін жасанды интеллект технологиялары енгізіледі. Технология кезең-кезеңімен жүзеге асады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Спутниктің жазуынша, білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін бақылау мақсатында жасанды интеллект технологиялары кезең-кезеңімен енгізіледі. Ықтимал қауіптер анықталған жағдайда жауапты қызметтерге жедел түрде хабар беріліп, баланы қорғау үшін қажетті шаралар қабылданады.
"Сонымен қатар балалардың, ата-аналардың және педагогтердің цифрлық сауаттылығын арттырады. Балалардың интернетке қолжетімділігін реттеп, оның ішінде түнгі уақытта пайдалануын шектеу шаралары қарастырылған. Бұл бастамалар балаларды зиянды контенттен, кибер қауіптерден және цифрлық гигиенаны бұзудан қорғауды күшейтуге бағытталған", - дейді министрлікте.
