Қытайда бамбук таяқшасына жазылған көне көбейту кестесі табылды. Математикалық кестенің тарихы өте тереңде, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Бұл туралы ҚазАқпарат жазды. Онда көбейту кестесінің Хубэй орталық-қытай провинциясының Цзинчжоу қаласы аумағындағы қазба жұмыстары кезінде табылғаны жазылған. Әр қытайлық жасөспірім жаттайтын бамбук таяқшадағы көбейту кестесі 2300 жылы пайда болған. Инфрақызыл сканерлеу көмегімен ғалымдар тақтайшада мынадай сөздер жазылғанын анықтапты.
“Бес рет жеті деген — отыз қосу бес, төрт рет жеті — жиырма қосу сегіз, үш рет жеті — жиырма қосу бір. Б.з.д. IV ғасырға, Чжань кезеңіне жататын көбейту кестесі Хунань провинциясынан (Орталық Қытай) табылған ұқсас нұсқадан шамамен жүз жыл алда, - дейді мазарды қазу археологиялық жобасының жауапты жетекшісі Ян Кайюн.
Мазардан математика, әдебиет, мал шаруашылығы, медицинадан фармацевтикаға дейінгі салаларды қамтыған 30 мың иероглифпен жазылған мыңдаған бамбук тақтайша табылған. Цзянхань университеті Тарих институтының доценті Тань Цзиннань мұндай көбейту кестесі Соғысушы мемлекеттер кезеңінде-ақ танымал болып, оны қытайлық шенеуніктер өндіріс пен мүлікті есептеу үшін пайдаланғанын атап өтті.