Белгілі жазушы Бердібек Соқпақбаев пен күйші Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтіледі, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өзінің Тelegram-арнасында жазды.
“ЮНЕСКО Бас конференциясының 42-ші сессиясында ЮНЕСКО-ның атаулы күндері тізбесіне 2024 жылы жазушы Б.Соқпақбаевтың және 2025 жылы әйгілі композитор, күйші Н.Тілендиевтің 100 жылдығын енгізу туралы Қазақстанның ұсынысы қолдау тапты. Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Түркіменстан және Өзбекстанның «Диуани лұғат ат-түрк» атты түркі тілдерінің тұңғыш энциклопедиялық сөздігінің 950 жылдығын атап өту туралы бірлескен ұсынысы да қабылданды, - деп жазады Ерлан Қарин.
Сөздікті Махмұд әл-Қашқари 1074 жылы жазған.
Ерлан Қарин ЮНЕСКО Бас конференциясының бұл шешімдері қазақ мәдениетінің дүниежүзінде дәріптелуіне септігін тигізері сөзсіз екеніне де тоқталған.