Берік Уәли бұрынғы лауазымына қайтадан тағайындалды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімімен Берік Уәли Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды", - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, бұған дейін бұл қызметке Нұрмұхамед Байғараев тағайындалған еді. Алайда ол бір апта өтпей денсаулығына байланысты қызметінен өз еркімен кетті.
Ал Берік Уәли президентінің баспасөз хатшысы қызметін 2019-2022 жылдары атқарған. Кейін "Хабар" агенттігі АҚ Басқарма төрағасы болды.