Венецияда 2024 жылы туристер санын азайту үшін қалаға бір күнге келетін қонақтардан 5 еуро (5,35 доллар) кіру ақысын алуды бастау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Алатау телеарнасы inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Кіру ақысы эксперимент негізінде келесі жылы 30 күн ішінде 14 жастан асқан барлық туристерден алынатын болады.
"Жаңа ереженің мақсаты — "Венецияда тұратындардың, оқитындардың немесе жұмыс істейтіндердің және қалаға келетіндердің құқықтары арасындағы жаңа тепе-теңдікті" табу", - дейді Венецияның туризм жөніндегі кеңесшісі Симон Вентурини, бұл ақша табудың амалы емес екенін ескертіп.
Кіру ақысын жинау жоспарын енгізудің нақты күндері және оны іске асыру тәртібі келесі аптада Кеңес түпкілікті мақұлдағаннан кейін айтылады.
Шамадан тыс туристер саны қала үшін үлкен проблемаға айналды. Туристер саны көбінесе 50 мыңға жуық адам тұратын қаланың тарихи орталығының тұрғындарынан едәуір асып түсетіні атап өтілген.
Шілде айында ЮНЕСКО сарапшылары Венеция мен Венеция лагунасын жаппай туризм мен климаттың өзгеруінің әсерінен жойылып кету қаупі төніп тұрған Дүниежүзілік мұра нысандарының тізіміне енгізуді ұсынды.