Париж Олимпиадасында ел қоржынына күміс медаль түсті. Тарихи жетістік спорттық гимнастиканың ат снарядындағы жаттығуы барысында тіркеліп отыр, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Бұл спорт бойынша ел намысын қорғаған Нариман Құрбанов. Отандасымыз ақтық сында 15.443 ұпай алды. Осылайша елімізге спорттық гимнастикадан Олимпиаданың алғашқы медалін сыйлады. Ол базалық қиындығы 6.7-ге тең жаттығуды сәтті орындап шықты.
Бұл сында алтын медальді ирландиялық Риз Макленаген иеленді. Оның ұпай көрсеткіші - 15.533. Ал қола медаль америкалық Штефан Недорочектің еншісінде (15.300).
Айта кетейік, Қазақстан қоржынында 1 алтын, 1 күміс және 2 қола бар. Бүгін жарыс жолынан боксшыларымыз үміт күттіреді. Жартылай финалға шыққан отандасымыз Нұрбек Оралбай 80 келі салмақ дәрежесінде Доминикандық спортшы Кристиан Хавьер Пиналеспен жұдырықтасады.
Сондай-ақ, бүгін мына спорт түрлерінен ел спортшылары бақ сынайды.
12:00. Ату. Ерлер. Тапаншадан жылдам ату. 25 метр. Іріктеу. Никита Чирюкин
12:30. Стендтік ату. Әйелдер. Скит. Іріктеу (екінші күн)
Әсем Орынбай
13:05. Жеңіл атлетика. Әйелдер. 3000 м с/п. Бірінші кезең.
Нора Джеруто, Дэйзи Джепкемей
13:55. Жеңіл атлетика. Әйелдер. 200 метр. Бірінші кезең.
Ольга Сафронова
14:50. Жеңіл атлетика. Ерлер. 110 м с/б. Бірінші кезең.
Давид Ефремов
15:52 Бокс. Ерлер. Жартылай финал.
80 келі. Нұрбек Оралбай – Кристиан Хавьер Пиналес (Доминикан Республикасы)
16:00. Оқу ату. Ерлер. Тапаншадан жылдам ату. 25 метр. Іріктеу (екінші).
Никита Чирюкин
18:30. Стендтік ату. Әйелдер. Скит. Финал (Іріктеуден сәтті өткен жағдайда)
Әсем Орынбай