Елімізде ет өндірісі өскен. 2023 жылғы қаңтар-желтоқсан айларының өзінде 80,2 мың тонна ет өндіріліпті. 2022 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 10,1%-ке артқан, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. 

Әсіресе ел тұрғындары сиыр етін көп тұтынған. 2023 жылғы қаңтар–қыркүйекте жан басына шаққанда орташа есеппен 18,33 кг болды — 2022 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 3,2%-ке артық.

Energuprom.kz-тің дерегіне сүйенсек, биыл қаңтарда 7,1 мың тонна жаңа сойылған немесе салқындатылған ет өндіріліпті. 2023 жылғы қаңтарға қарағанда бірден 39,4%-ке өскен.

Ал жылқы еті: жан басына шаққанда орта есеппен 4,88 кг, бір жылдағы өсім — 11,7%.

Қой етін тұтыну бір жылда 4%-ке азайып, өткен жылдың қаңтар-қыркүйек айларында жан басына шаққанда орта есеппен 4,02 кг болды.

Шошқа етін тұтыну 2,5%-ке төмендеді: жан басына шаққанда орташа есеппен 2,46 кг.

2024 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша қой еті 0,1%, жылқы еті 0,6%-ке дейін қымбаттады.

Бір жылда сиыр еті бірден 8,7%-ке қымбаттаған.