Елдегі орта мектептер асханаларында гамбургер, чебурек секілді фастфуд сатуға тиым салынады. Мұндай талапты денсаулық сақтау министрлігі енгізеді, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Спутниктің жазуынша, бұған дейін мектеп асханаларында газдалған сусын мен кәмпитті сатуға тыйым салынған болатын. Енді денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жаңа талап бойынша қандай тамақты сатуға тыйым салынатынын айтты. Сөзіне сүйенсек, мектеп асханаларында дайын тамаққа қосылатын қанттың мөлшері 3,5 есеге, ал тұздың мөлшері 2-2,5 есеге азайтылады. Оны мектептегі мейірбикелер тексеріп отырады.
Сондай-ақ, министр мектеп буфеттерінде жеңіл сіңетін көмірсуларға, атап айтқанда, гамбургер, чебурек сияқты фастуфтқа тыйым салынатынына да тоқталды.
Еске салайық, бұған дейін елімізде мектеп оқушыларын тамақтандырудың жаңа стандарты бекітілгенін жазған едік. Жаңа стандартқа сәйкес, жаңа піскен көкөністер, жемістер мен табиғи өнімдердің үлесі артады.