Елдегі даталы күндер қатарына тағы екі кәсіби мереке қосылады. Құжат жобасы “АшықНҚА” порталында жарияланды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. 

Еңбек министрлігі «Кәсіби мерекелердің тізбесін бекіту туралы» бұйрыққа өзгерістер әзірлеген. Онда кәсіби мерекелер қатарына тағы 2 даталы күн қосылатыны жазылып отыр. Яғни Азаматтық авиация күні мен Бұрғылаушы күні аталып өтіледі. 

Кәсіби мерекелер тізбесі "Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация қызметкерлері күні – 1 ақпан"; "Бұрғылаушы күні – қарашаның үшінші сенбісі" тармақтарымен толықтырылсын", - делінген бұйрық жобасында.

Жобаның негіздемесінде 1991 жылы 1 ақпанда Алматы әуежайында Қазақ КСР Алматы авиациялық отряды командирінің бұйрығымен республикада тұңғыш рет Авиациялық қауіпсіздік қызметі (ӘҚҚ) құрылғаны көрсетілген. Қазір әуежайлар мен авиакомпаниялардың құрылымында 3000-нан астам мамандардың біріккен құрылымы - Авиациялық қауіпсіздік қызметі (ӘҚҚ) бар. Бұл ең үлкен қызмет болып саналады.

Сонымен қатар авиациялық қауіпсіздік қызметкерлері өз мерекелерінің болмауына байланысты кәсіби қауымдастықтың біртұтас авиация саласына жататынын сезінуге мүмкіндігі жоқ. Сондықтан мереке күндерінің тізбесіне жаңа мереке күні, Авиациялық қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің күні – 1 ақпан, Ауғанстан Демократиялық Республикасынан кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығару 15 ақпан күнінен ертерек аталып өтетін боп енгізілген.

Екінші ұсынылып отырған мерекеге қатысты әзірлеушілер бұрғылаушы мамандығы тау-кен өнеркәсібінде кәсіби деңгейді көтеруге ықпал ететін жалпы мамандықтардың бірі екенін түсіндірді. Бұрғылаушылар - жердің қазбалы қабаттарына қол жеткізудің негізгі тірегі. Сондықтан бұрғылаушы күнін қарашаның үшінші сенбісінде атап өтетін кәсіби мерекелер қатарына қосу керек.

Жоба 2023 жылдың 2 қарашасына дейін қоғамдық талқылауда болады.