Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері 150 мың теңгеге көтерілуі мүмкін. Үкімет ең төменгі жалақының мөлшерін көтеруді қарастырып жатыр, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.

Бұл туралы журналистерге сұхбат берген ұлттық экономика вице-министрі Азамат Амрин мәлімдеді. Спутниктің жазуынша, министрлер кабинеті халықтың табысын арттыру бойынша кешенді шараларды әзірлеуге кіріскен. Соның ішінде ең төменгі жалақыны көтеру де бар.

"Қазір ең төменгі жалақының мөлшері 85 мың теңгені құрайды. Ал әлемдік тәжірибе бойынша оның көлемі медиандық жалақының 50 процентіне тең. Бізде медиандық жалақы – 302 теңге. Бұл дегеніміз, біздің міндетіміз – алдағы уақытта ең төменгі жалақыны 150 теңгеге дейін жеткізу", - дейді Азамат Амрин.
Оның айтуынша, барлығы республикалық бюджетке түсетін қаржының көлеміне байланысты. Егер кіріс көп болса, ең төменгі жалақыны көтеруге қаржылық мүмкіндік болады.