2025 жылға дейін колледж студенттерінің шәкіртақысы 2 есеге өседі. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты,  деп хабарлайды Алатау телеарнасы. 

Үкімет басшысының сөзіне сүйенсек, бұған дейін колледждерде бюджет есебінен 95 мың студент оқыса, биыл олардың саны 133 мыңға дейін ұлғайған. 

"Мемлекеттік тапсырысты бұдан әрі де арттыра береміз. Биыл колледж студенттерінің стипендиясы 50 пайызға өсті. 2025 жылға дейін стипендия тағы 2 есе өсіріледі. "Жас маман" жобасын іске асыру аясында 180 колледжді қайта жарақтандыру үшін республикалық бюджеттен 48 млрд теңге бөлінді", - деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ ол 3 жыл ішінде кадр даярлауға тиісті мемлекеттік тапсырыс көлемі артқанына да тоқталды.