Орталық сайлау комиссиясы облыстық маңызы бар қалалар мен аудан әкімдерін анықтау қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
ОСК дерегіне сүйенсек, 5 қарашада Мемлекет басшысының бастамасымен алғаш рет пилоттық аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлауы өткен. Өкілеттіктерге сәйкес облыстардың мәслихаттары осы сайлауды өткізу үшін 42 аудан мен 3 облыстық маңызы бар қаланың тізбесін бекітті.
1553 сайлау комиссиялары: 17 облыстық, 3 қалалық, 42 аудандық және 1491 учаскелік сайлау комиссиялары жұмылдырылды.
Сайлау балама негізде өтті. Сайлау бюллетеньдеріне 125 кандидат енгізілді.
Осылайша дауыс берушілердің келу көрсеткіші 62,79 пайыз болған. Ал сайланған әкімдердің орташа жасы 46,7 жасты құрайды.
Сайлау науқаны республиканың сайлау заңнамасы нормаларының талаптарына сәйкес өтті. Дауыс беру күні байқауды Қазақстан Республикасының 8500-ге жуық кандидаттардың сенім білдірілген адамдары, байқаушылары мен БАҚ өкілдері жүзеге асырды.
Айта кетейік, бұған дейін елімізде сайлау науқаны басталғанын жазған едік.