Елдегі тұрғындардың орташа жасы тізімделді. Ұлттық статистика бюросы өңірлердегі көрсеткішті жариялап отыр, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Бюро жариялаған дерекке сүйенсек, қазақстандықтардың орташа жасы 2023 жыл басына 32,1 жасты құраған. 2018 жылдан бастап орташа жас болмашы артқан.
Орта жас өсімі ерлер мен әйелдер арасында да, ауыл мен қала тұрғындары арасында да байқалған. Жыл басындағы ерлердің орташа жасы 30,5 жас болса, әйелдерде – 33,7 жас.
Қала тұрғындарының орташа жасы ауыл тұрғындарына қарағанда жоғары, сәйкесінше 32,6 және 31,5 жас.
Өңірлер арасында ең жоғары орташа жас Солтүстік Қазақстан облысында – 38,9 жас. Ең төменгі орташа жас Маңғыстау және Түркістан облыстарында – 27,6 жастан.