Қазақстандықтар енді кредиттен бас тарту үшін бір ауыз сөзбен тыйым сала алады. Мұндай мүмкіндік тіпті смартфон ұстай алмайтын азаматтарға да қолжетімді, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Спутниктің жазуынша, енді қазақстандықтар алаяқтардан бір ғана сөзбен қорғана алады. Бірінші кредиттік бюро дерегіне сүйенсек, адамда ЭЦҚ болмаса, бірақ ол мобильді азаматтар базасында тіркелген болса, онда дауыстық боттың көмегімен кредит рәсімдеуге оңай тыйым салып, қайтадан оңай қоса алады.
Мұны жасау жолдары мынадай:
- 1414 нөміріне қоңырау шалыңыз – бұл тегін;
- сізге ыңғайлы тілді таңдаңыз: қазақ немесе орыс;
- "кредитке тыйым салу" тіркесін айтыңыз;
- осыдан кейін сіз несиелеуге тыйым сала аласыз, оны алып тастай аласыз немесе қызмет туралы ақпарат ала аласыз;
- дыбыстық сигналдан кейін ЖСН енгізіңіз;
- Сізге растау үшін енгізілетін коды бар SMS келеді.
Бұл қызмет әсіресе смартфон пайдаланбайтын немесе интернет қолжетімсіз жандар үшін пайдалы.