Ертең елдің барлық өңірінде сиреналар іске қосылады,. Мұндай шұғыл ақпаратпен төтенше жағдайлар министрлігі бөлісті, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.

2026 жылдың 25-27 ақпанында еліміздің барлық өңірінде "Көктем-2026" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді. Іс-шара 2026 жылғы көктемгі кезеңдегі су тасқыны жағдайындағы құтқаруға дайындық жұмыстарына арналған. Оқу-жаттығуды үйлестіру және басшылық ету республикалық штабы Астана қаласындағы ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару орталығының базасында орналасады. Оқу-жаттығу шеңберінде үш күн бойы профилактикалық іс-шаралар кешені өткізіледі.
 
"Сонымен қатар "Баршаның назарына!" дабылы бойынша аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында 2026 жылғы 25 ақпанда сағат 11.00-де еліміздің өңірлеріндегі барлық сирена-сөйлеу қондырғылары мен электрсиреналар қосылатын болады", - деп жазылған хабарламада.
Осыған орай тыныштық сақтап, үрейге бой алдырмауларыңызды сұраймыз, дедйі құтқарушылар.