Жаңа оқу жылында мектеп оқушыларының нешесі тегін тамақпен қамтылатыны белгілі болды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлімет берді, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Министрлік дерегіне сүйенсек, биыл тегін тамақпен қамтылатын оқушылар саны 100 мың балаға артқан. Осылайша 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 1,7 млн оқушыға тегін ыстық тамақ беріледі. Тегін ыстық тамақпен 1-4 сынып оқушылары, сондай-ақ аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар қамтылады.
Бұған дейін Оқу-ағарту министрлігінің басшысы алғашқы қоңырау жексенбіге сәйкес келгеніне қарамастан 1 қыркүйекте соғылатынын хабарлаған. Оған 4 миллионға жуық мектеп оқушысы қатысады. Бірінші сыныпқа қабылданатын 360 мың оқушы үшін алғашқы қоңырау соғылады.