БҰҰ бас хатшысы дабыл қақты. Сөзінше, әлемде жаһандық жылыну аяқталып, енді жаһандық қайнау басталған, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Гутерриштің дерегіне сүйенсек, Мексикада ауа температурасының бірден ысуынан 60-тан аса адам жапа шегіпті. Ал Үндістанда аптап ыстықтан 200 адам көз жұмған.
Қазақстанда да синоптиктер алдағы күндері күн ыситынын хабарлауда. Тіпті бүгін елдің бірнеше өңірінде ауа температурасы 40 градусқа дейін көтерілуі мүмкін екенін болжаған.
Маңғыстау облысының басым бөлігінде 40 градус қатты ыстық сақталса, Қарағанды, Атырау облыстарында ауа температурасы 37 градусқа көтеріледі. Сонымен қатар БҚО, Қызылорда өңірлерінде де күн ыстық болмақ.