Черногорияның Брезна өңірінде жалқаулықтан жарыс өтіп жатыр. Қазірдің өзінде 7 адам рекорд орнатқан, деп хабарлайды Алатау телеарнасы CNN-ге сілтеме жасап.
Черногорияның ең жалқау адамы атағы үшін ұйымдастырылған жарыстың бүгін 20-шы күні. Жүлдеге тігілген қомақты қаржы үшін 7 адам жерге төселген көрпеден әлі тұрмаған.
Тіпті олар жалқаулық рекордын жаңартты деп жазады агенттік. Яғни 463 сағат қимылсыз жатыр. Өткен жылы жеңімпаз 117 сағатта жүлдені алған еді.
"Жағдайымыз жақсы. Денсаулыққа шағым жоқ. Біздің басты міндетіміз орнымыздан тұрмай жата беру", - дейді 38 жастағы қатысушылардың бірі.
Жалқаулық сайысы Черногорияда дәстүрге айналған. Себебі Еуропада аталмыш елдің халқына деген көзқарас дәл осылай қалыптасқан. Содан да болар елде биыл 12 жыл қатарынан өткізілуде.
Жарыстың ерекшелігі қомақты жүлдесінде. Яғни жеңімпаз 1000 евро алады. Бұл Қазақстан теңгесімен шамамен 500 мың теңге.
Әзірге жарыстың тағы қанша күнге созылатыны белгісіз.