Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық спортшылар алтын санын тоғызға жеткізді. Бүгін каратеші Қайсар Алпысбай топ жарды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
60 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Қайсар финалда Кувейт елінің спортшысы Абдулла Шаабахпен сайысты. Аса тарытсты өткен жекпе-жектің есебі: 7-5. Осылайша отандасымыз қоржынға тоғызыншы алтын жүлдені салды.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық спортшылар бір күнде 3 алтын медальға ие болғанын жазған едік.