Күнтізбе бойынша көктем жақындағанымен, кей өңірлерде қыс әлі қаһарына мініп тұр. Осыған орай көктемнің алғашқы күндерінде күн райы қандай болатынына синоптиктер болжам жасады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Ауқымды антициклон Қазақстан аумағының басым бөлігіне ықпалын сақтап, жауын-шашынсыз аязды ауа райын ұстап тұр.
Тек 2 наурыздан бастап еліміздің батыс өңірлеріне циклон жылжи бастайды. Соның әсерінен қар жауып, боран соғады, ал оңтүстік аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
Жел күшейіп, ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды.
