🔸Астана қаласына ұйымдастырылған ғылыми іссапар Гумилев атындағы ЕҰУ-дағы Түркітану кафедрасынан басталды.

🔸Түркітану кафедрасының меңгерушісі Жадыра Қабенқызы кафедра өмірі жайлы сөзін бастап, кафедра оқытушыларының соңғы жылдары жарық көрген ғылыми еңбектерімен, ғылыми жобалары бойынша жарияланған ғылыми монографияларымен таныстырып, қолымызға түспей жүрген, қажетті біраз кітаптарды сыйға тартты.

🔸Біздің әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түркітану және тіл теориясы кафедрасымен өзара бірлестікте жүзеге асыру мүмкіндігіне ие ғылыми зерттеулер жоспарланды.

🔸Түркітану кафедрасының профессоры Мағрипа Қайнарбайқызы бүгінгі түркітану ғылымының өзекті мәселелері жайлы ой бөлісіп, апайдың дәрістерін тыңдап, ректорымыз Ж.Қ. Түймебаевпен бірге түркітану ғылымының қалыптасуынан бастап, қазіргі уақытқа дейінгі тарихымен бірге қазіргі түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы, түркітанудың тарихи-лингвистикалық негіздері т.б. бойынша Түркітану сериясымен жарық көрген бірнеше томдық ғылыми-зерттеу еңбектерін апайдың өз қолынан алып, рухани олжалы болдық.

🔸Түркітанушы ғалым Амантай Шәріптің ғылыми жобалары жайлы пікірлесіп, жоба аясында түркі халықтарының дәстүрлі және заманауи поэзиясына тән атаулары жинақталған «Түркі поэтикалық сөздігі» атты еңбегі  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ашылған «Түркі филологиясы» мамандығында оқытылатын пәндер үшін құнды оқу-әдістемелік құрал болып табылады.

🔸Өзіміздің ЖТН AP19677520 «Қазақтілді масс-медиадағы конфликтогенді мәтіндер: тілдік құқықбұзушылықтың сот-лингвистикалық параметрлері» атты жобаның күнтізбелік жоспарына сәйкес сот-лингвистикалық сараптама бойынша филология ғылымдарының докторы, профессор Жантас Жақыповпен кездесіп, «Қазақстандық ғылым кеңістігіндегі сот-лингвистикалық сараптаманың әдістемелік мәселелері» атты ғылыми семинар жұмысын бастадық.

🔸Сондай-ақ, түркітану мамандығында оқитын студенттерге ҚазҰУ тарихы, өзіміздің кафедрамыздағы түркітану, түркі филологиясы мамандықтары, студенттердің ішкі академиялық ұтқырлығы, және т.б. мәселелер бойынша кәсіби бағдар берілді.

🔸🔸🔸Жоба бойынша іссапарымыздың сәтті жүзеге асуына ықпалдастық танытқан Л. Гумилев атындағы ЕНУ Түркітану кафедрасының профессоры Мағрипа Қайнарбайқызына және кафедра меңгерушісі Жадыра Жолмурат Жадыра Қабенқызына ризашылығымызды білдіреміз. Профессор М.Қ. Ескееваның ғылыми-зерттеушілік зор әлеуетімен бірге кісілік тұлғасына тәнті болдық. Өзімізге үлгі тұттық!

 

Бектемирова С.Б. ф.ғ.к., доцент

Таусоғарова А.Қ. ф.ғ.к., доцент

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Филология тілдері факультеті

Түркітану және тіл теориясы кафедрасы