Мейірлан Ақылбекұлы Раханов Ақпарат комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. 

"Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Мейірлан Ақылбекұлы Раханов Ақпарат комитетінің төрағасы болып тағайындалды", - делінген ақпаратта

Ол 1988 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Еңбек жолын 2011 жылы Қарағанды қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінде бастады. 2012 жылы Қарағанды облысының Салық басқармасының жетекші маманы болып жұмыс істеді.

201-2013 жылдары Қарағанды облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының бас маманы, 2013-2016 жылдары – Ақпарат комитеті Баспа БАҚ басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы, 2016-2021 жылдары — ҚР Президентінің Баспасөз қызметінің сарапшысы, кеңесшісі, инспекторы, 2021 жылғы шілдеден 2023 жылғы желтоқсанға дейін ҚР Президентінің баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі қызметін атқарған.