Қазақстанның мемлекеттік бюджеті 11,38 триллион теңгені құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,8 пайызға артқан, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Ұлттық экономика министрлігі дерегіне сүйенсек, ең үлкен үлесті салық және трансферттер түсімдері құрайды. Бұл ретте салық түсімдері дәстүрлі түрде мемлекеттік бюджетті қалыптастырудың негізгі көзі болып қала береді. Яғни, 2023 жылғы 1-жартыжылдықта барлық кірістердің 78,9 пайызын (8,98 трлн теңге) құрайды.
Трансферттер түсімдері мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің төрттен бір бөлігін құрайды. Ол 2023 жылғы 1-жартыжылдықта 18, пайызға тең.
Осылайша, талданып отырған кезеңде Ұлттық қордан трансферттер 2,14 трлн теңгені құрады, оның ішінде кепілдендірілген трансферттер – 1,20 трлн теңге, нысаналы трансферттер – 0,94 трлн теңге. Салықтық емес түсімдер және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігіндегі ең аз үлесті алады: 2023 жылғы 1-жартыжылдықта тиісінше 1,7 пайыз (0,20 трлн теңге) және 0,6 пайыз (0,07 трлн теңге).