Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев әскери міндетін өтеуден жалтарып жүрген жастарды еріксіз көлікке тиеп алып кетуге қатысты түсінік берді. Сөзінше, жеке көлікпен тасымалдау заңсыз, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Министр орынбасарының айтуынша, әскерге шақырудың өзіндік алгоритмі бар көрінеді. Яғни, көшеден жеке көлікпен емес, қызметтік көлікке тиеп алып кетуге толықтай құқы бар екен.
"Әскерге шақыру алгоритмі бар, ол жергілікті әскери басқару, атқарушы органдар және полиция қызметінің қаулысымен бекітілген. Сіздер желіде тараған видеолардан бір бөлігін ғана көретін шығарсыздар, ал негізінде қызметтік куәлігін көрсетіп, көнбеген жағдайда ғана қолданылатын шара. Ішкі істер министрлігінің өкілі көлікпен алып кетуге міндетті. Бұл жерде Қорғаныс министрлігінің қызметкерлері полицейлерге көмекші. Қорғаныс министрлігі мен Ішкі істер министрлігіне тиесілі көліктермен тасымалдайды, жеке көлікпен тасымалдаса заңсыз, — дейді Шайх-Хасан Жазықбаев.