Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев астық өндіретін фермерлер мен шаруа қожалықтарына қаржылай және өзге де қажетті көмек көрсетуді тапсырды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. 

Бұл туралы Ақорда жазды. 

“Еліміздің солтүстік өңірлеріндегі ауа райының қолайсыздығы мен жайсыз жағдайларға байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке астық өндіретін фермерлер мен шаруа қожалықтарына қаржылай және өзге де қажетті көмек көрсетуді тапсырды”, - делінген ақпаратта. 

Айта кетейік, бұған дейін БАҚ беттерінде Солтүстік өңірдегі толассыз жауған жаңбыр алқаптағы астықты бүлдіріп, шаруаларды шарасыз күйде қалдырғаны жазылған еді.