Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев заңсыз иемденилген активтерді қайтару мәселесі жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Бұл туралы Ақорда жзды.
Жиынға Премьер-Министр Әлихан Смайылов, Президент Әкімшілігінің Басшысы Олжас Бектенов, Ұлттық қауіпсиздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев, Премьер-Министрің орынбасары – Сыртқы стер министрі Мұрат Нұртілеу және Бас прокурораның басшылығы қатысты.
Мемлекет басшысына кеңестің күн тәртібіндегі мәселе бойынша қабылданып жатқан шаралар мен бұған дейин берілген тапсырмалардың орындалу нәтижелері туралы баяндалды.
Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік әділдікті қалпына келтіруге және мемлекетке қайтарылған активтерді елімізді дамыту үшін пайдалануға бағытталған бұл жұмыстың маңыздылығы н атап өтти.
Мемлекет басшысы осы іске жұмылдырылған барлық мемлекеттік құрылымдардың жұмысын жандандыру қажет екенін айтты.
Жиын соңында Президент бірқатар нақты тапсырма берді.