Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қасиетті Рамазан айының қарсаңында Telegram-ботты іске қосты, деп хабарлады Алатау телеарнасы басқарманың баспасөз қызметін сілтеме жасап.

Дерекке сүйенсек, бот @MuftyatBot деп аталады. Әрі ол діни сұрақтарға жауап беру үшін арнайы әзірленген. Сонымен қатар, бот арқылы шариғат мәселелері бойынша ақпарат алуға және кеңес сұрауға болады. 

Одан бөлек қолданушылар бот арқылы Рамазан кестесін жүктей алады.

Айта кетейік, қасиетті Рамазан айы 1 наурызда басталады. 

Ал наурыз айының 26-нан 27-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 

30 наурыз – Ораза айт мерекесі.