Мадридтік “Реал” футбол клубы Алматыға баратын ойыншылардың тізімін жариялады. "Қайрат" пен "Реал" арасындағы матч 30 қыркүйекте Алматының орталық стадионында өтеді, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. 
 
"Реал" футболшыларының тізімі:
 
Қақпашылар: Тибо Куртуа, Андрей Лунин, Хави Наварро;
 
Қорғаушылар: Давид Алаба, Рауль Асенсио, Альваро Каррерас, Фран Гарсия, Дин Хейсен, Давид Хименес;
 
Жартылай қорғаушылар: Джуд Беллингем, Эдуарду Камавинга, Федерико Вальверде, Орельен Чуамени, Арда Гюлер, Дани Себальос;
 
Шабуылдаушылар: Винисиус Жуниор, Килиан Мбаппе, Эндрик, Родриго, Гонсало Гарсия, Браим Диас, Франко Мастантуоно.
 
Айта кетері, "Реал" футболшылары Мадридтен ұшақпен шықты. Олар 8 сағаттан артық уақыт ұшады. Ал 29 қыркүйекке қараған түні Алматы әуежайына қонады.