Елдегі қақаған қыс суығы сынады. Синоптиктер ел территориясына солтүстік атлантикалық жылы ауа массасы жылжып келе жатқанын жазды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. 

Казгидромет дерегіне сүйенсек, 19-21 желтоқсанда елдегі қыстың қақаған аязының беті қайтады. Қазақстанға солтүстік атлантикалық жылы ауа массасы жылжып келеді. 

"Қыстың нағыз қақаған аязды кезеңі аяқталады. Қазақстан аумағына Атлантикалық мұхиттың солтүстік бөлігіндегі жылы ауа массасы жылжып келеді. Нәтижесінде еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы көтеріледі деп күтіледі. Кезекті солтүстік атлантикалық циклонның салдарынан метеожағдайлар нашарлап, боран соғып, қар жауады, ал қардың арты жаңбырға ұласады, - делінген ақпаратта. 

Сонымен қатар, синоптиктер еліміздің батысы мен оңтүстігінде 21 желтоқсанда кешке, сондай-ақ солтүстікте және орталықта көктайғақ болады деп болжауда.