Футболдан 2024/25 жылғы UEFA Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасы алғашқы ойынын өз алаңында Норвегияға қарсы өткізеді, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. 

Ойын 6-шы қыркүйек, кешкі сағат 19:00-де Алматыдағы орталық стадионда өтеді. 

Айта кетейік, УЕФА Ұлттар лигасының 2024/25 маусымының жеребе тарту қорытындысы бойынша Қазақстан В лигасында Австрия, Норвегия және Словения құрамаларымен бірге үшінші топқа түсті.

Топ жеңімпазы автоматты түрде А лигасына көтеріледі.