Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан еркін күрестен әлем чемпионатында қазақ балуаны топ жарды. Ол 92 келі салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірген жоқ, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. 

Финалға дейін қазақстандық балуан үш қарсыласты жалпы 32:4 есебімен жеңді. Шешуші айқаста спортшы әзербайжандық Осман Нурмагомедовке есе жібергенімен, 5:2 есебімен жеңісті жұлып алды.

Жалпы 92 келі дәрежесіндегі жетістік бұрын-соңды ел тарихында болмаған. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  та әлем чемпионы Ризабек Айтмұқанды жеңіске жетуімен құттықтады. 

"Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұқанды Белградта өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатында алтын медаль иеленуімен құттықтаймын! Ол қазақ балуандары арасында тұңғыш рет Әлем чемпионы атанды. Бұл – тарихи жетістік. Ризабек Айтмұқанның жарқын жеңісі жас буынның спортқа құлшынысын арттырады деп сенемін", – деді Президент.