Ұлттық статистика бюросы Қазақстан және Республика атауларымен байланысты адам есімінің санын жариялады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Статистика бюросы дерегіне сүйенсек, Казахстан немесе Қазақстан деген есім 31 адамға қойылған. Олардың бірі – әйел, қалғаны – ер.
Олардың 8-і Ақмола облысында, 7-еуі Қарағанды облысында, 5-еуі Астанада, 3-еуі Қостанай облысында, 2-еуі Шымкент пен Маңғыстау облысында тұрады. Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында бір-бірден.
Ал Республика есімді адам жоқ. Бірақ «Республика» атауы берілген 6 көше және 1 партия бар.
Атап айтқанда, 7 қалада Республика атымен аталған 2 көше мен 4 даңғыл, 1 алаң бар. Ол Алматы, Астана, Шымкент, Қарағанды және Ақмола облыстары.