Елдегі мобильді интернет жылдамдығы қаншалықты деңгейде? Ал әлем бойынша нешінші орынға кіреміз? Мұндай мәліметті Speedtest Global Index жариялады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
2025 жылдың екінші жартыжылдығында ең жылдам интернеті бар елдердің рейтингісі бойынша Қазақстан 45-орынға жайғасқан.
Бұл өткен рейтингпен салыстырғанда 1 орынға жоғары. Салыстырмалы түрде Қазақстан Канада (46-орын), Италия (50), Испания (52), Германия (56), Ұлыбритания (57), Жапония (64) сынды дамыған мемлекеттерді артқа тастаған.
Ал қалалар тізімінде Астана мен Алматы қатар тұр. Мобильді интернет жылдамдығы бойынша Астана бес позицияға төмендеп, 62-орынға түссе, Алматы екі сатыға шегініп, 63-орынды иеленген. Астанадағы орташа жүктеу жылдамдығы — секундына 132,13 мегабит, ал Алматыда — 130,72 мегабит.
Фиксацияланған кеңжолақты интернет жылдамдығы рейтингінде жағдай нашарлау. Қазақстан әлемдік рейтингте 89-шы орында тұр. Десек те, бұл оған дейінгі нәтижеден 1 сатыға жоғары. Мұнда екінші жарты жылдықтағы орташа жылдамдық 82,47 мегабит/с болған.
Ал мобильді интернет жылдамдығы бойынша үздік мемлекеттер төмендегідей:
1. Біріккен Араб Әмірліктері — 652,87 Мбит/с;
2. Қатар — 515,23 Мбит/с;
3. Кувейт — 384,40 Мбит/с.
4. Бразилия — 251,55 Мбит/с.
5. Болгария — 237,03 Мбит/с.
