Қазақстан онлайн қызметтер сапасы бойынша биыл ТОП-10 елдің қатарына кірді. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. 
 
Министрлік дерегіне сүйенсек, 2025 жылы Қазақстанда екі суперкомпьютер іске қосылған. Олардың бірі әлемдегі 500 суперкомпьютер арасында 86-шы, ал екіншісі 103-і орынды иеленді. 
 
"2025 жылы Қазақстанда екі суперкомпьютер іске қосылды. Олардың бірі әлемдегі 500 суперкомпьютер арасында 86-шы, ал екіншісі 103-і орынды иеленді", - деді ведомство басшысы Жаслан Мәдиев.
Ол сондай-ақ Astana Hub қазір Қазақстанның 20 өңірінде жұмыс істеп тұрғанын және шетелге шыққанын атап өтті: хабтар АҚШ-та, Қытайда, БАӘ-де және Ұлыбританияда ашылған.