Еліміз туристік бағыттар тізімінде 119 ел арасынан 52-ші орынға ие болды. Мұндай жетістік Бурабайда өткен кездесуде айтылды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Туризм саласындағы жаңа бастамалар туралы Бурабай ауданындағы «Discovery Borovoe» қонақ үйінде ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Ақмола облысының бизнес-қоғамдастығымен кездесу барысында айтты. Сөзінше жуырда Дүниежүзілік экономикалық форумның Саяхат және туризмді дамыту бойынша рейтингісі жарияланған. Онда Қазақстан 119 ел арасынан 52 орынға ие болып отыр.
“Қазақстан Әзербайжан (56), Өзбекстан (78), Қырғызстан (102) сияқты елдерді басып озып, Орталық Азиядағы ең жоғары көрсеткішке ие болды”, — делінген ақпаратта.