Қазақстанда халықтың 100 жастан асқаны көп пе, аз ба? Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі дәл осы мәліметті жариялады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Ведомства дерегіне сүйенсек, елімізде 100 жасаған және одан асқан 423 азамат бар. Жасы ең үлкен кейуана Ұлытау облысында тұрады екен. Ақ жаулықты әжеміз биыл 114 жасқа толған туған күнін атап өтті.
Жалпы ең көп өмір сүретіндер бойынша еліміздің оңтүстік өңірі көш бастап тұр. Түркістан облысында 100 және одан жоғары жастағы 64 адам бар.
Ұзақ өмір сүрушілер саны бойынша елімізде екінші орында тұрған ірі қала – Алматы. Қазір Алматы қаласында 100 жастан асқан 48 адам тұрады.
Ұзақ өмір сүретіндер саны бойынша үшінші орында Алматы облысы тұр, онда 100 және одан жоғары жастағы 38 адам тұрады.
Ең қарт қазақстандықтардың үштігіне Ұлытау облысының тұрғыны – 114 жас, Павлодар облысы – 112 жас, Түркістан облысы – 110 жас кірді.