Елімізде былтыр қанша көлік шығарылғаны белгілі болды. Тіпті Ұлттық статистика бюросы бұл деректі рекордтық көрсеткішке балап отыр, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. 

Бюро дерегіне сүйенсек, 2025 жылдың 11 айында Қазақстанда 2,03 триллион теңгеге 146 163 көлік көлік шығарылған. Бір қараша айында 311,1 млрд теңгеге 22 580 дана техника шығарылыпты. Бұл өткен жылдағы ең жақсы айлық көрсеткіш. 2024 жылдың қараша айымен салыстырғанда шығарылым көлемі 25,5%-ға өсті.

"Әсіресе жеңіл автомобильдер көп шығарылды. Бір айда қазақстандық кәсіпорындар 20 730 жеңіл автокөлік, 807 жүк көлігі, 646 автобус, 310 тіркеме және жартылай тіркеме жасап шығарды. Сондай-ақ 87 арнайы мақсаттағы көлік шығарды", - дейді министрлік.
Бүгінде автомобиль жасау саласы бүкіл машина жасау секторының 41,7%-ін құрайды.