Елімізде күн райы қатты ысиды деп болжануда. Тіпті кей өңірлерде 46 градус аптап сезілмек, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
"Қазгидромет" синоптиктері 17-19 маусымға жасалған ауа райы болжамын жариялады. Орталықта ауа температурасы түнде 18-25 градустан 15-22 градусқа дейін төмендейді, 17-18 маусымда күндіз 35-39 градус қатты ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде 42 градус өте қатты ыстық болады, 19 маусымда 27-32 градус жылыға дейін төмендейді.
Шығыста түнде 12-23 градус жылыдан 17-25 градус жылыға дейін, күндіз 27-35 градус жылыдан 35-39 градус қатты ыстыққа дейін жоғарылайды. 19 маусымда жекелеген аудандарда 40 градус өте қатты ыстық болады
"Оңтүстік-шығыста түнде 18-23 градус жылыдан 20-25 градус жылыға дейін жоғарылайды, күндіз 35-39 градус қатты ыстық, 18-19 маусымда жекелеген аудандарда 42 градус өте қатты ыстық болады", - дейді синоптиктер.
Күндіз оңтүстік аймақтарда 43-46 градус қатты ыстықтан 30-38 градусқа жылыға дейін төмендейді деп болжанып отыр.
Десе де республиканың басым бөлігінде Солтүстік-батыс циклонының өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, екпінді жел тұрады. 18-19 маусымда еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін.