Елімізде жұмыс күшінің басым бөлігі қандай салалаларда? Ұлттық статистика бюросы кезекті тізімді жариялады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Бюро дерегіне сүйенсек, 2023 жылдың II тоқсанында Қазақстан экономикасының түрлі салаларында 9,6 млн адам жұмыспен қамтылған. Олардың ішінде 6,9 миллионы жалдамалы жұмыс күші болса, 2,2 миллион адам өзін-өзі жұмыспен қамтығандар екен.
Осылайша, осы азаматтардың 16,6 пайызы - саудада, 12,2 пайызы - білім саласында, 12,3 пайызы - өнеркәсіпте еңбек етіп жүр.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығында – 12,2%, құрылыста – 7,1%, көлік және қойма – 7%, денсаулық сақтау және әлеуметтик қызмет көрсету саласында – 6,2%, мемлекетт ік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру – 5,8%, басқа да қызмет түрлерінде – 3,9% жұмыс істеуде.
Ал кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 3,1%, әкімшілік және қосалқы қызмет көрсетуде – 3%, ақпарат және байланыс саласында – 2%-ый жүр.
Өткен жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда жұмысшылар санының азаюы ауыл шаруашылығында байқалған – 19 мың адамға, жылжымайтын мүлік эксплуатациилары бойынша – 18,9 мың адам ға, құрылыста – 9,5 мың адамға, өнеркәсіпте – 7 мың адамға, әкімшилік және қосалқы қызмет көрсету бойынша – 6, 4 мың адамға, өнер және ойын-сауықта – 6,3 мың адамға. Қалған өзге салаларда қызметкерлер саны керісінше өскен.