Елімізде ата-атаның жансақтау бөліміндегі баласының қасында болуына рұқсат берілмек. Бірақ бұл жеңілдік тек белгілі ауру түрлеріне ғана байланысты болады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.

Құжат жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Бұйрықта бала аурухананың реанимация бөлімінде жатқанда ата-анасы немесе заңды өкілінің қасында бірге болуға рұқсат берілетіні жазылған.

«Ашық реанимация» қағидаты — анестезиология және реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде балалардың тәулік бойы заңды өкілдерімен бірге болуын ұйымдастыруды көздейді, — делінген құжатта.

Осылайша «Ашық реанимация» қағидаты мүгедектігі бар, онкогематологиялық аурулары бар, паллиативтік көмекке мұқтаж балаларға, өлім аузындағы балаларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолданылмақ. 

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, аталған стандартты енгізу балаларға анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек көрсетуге оң ықпал етеді. Сонымен қатар теріс салдары жоқ және қосымша шығынды қажет етпейді. 

Құжат жобасы 28 ақпанға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылып отыр.