Елімізде ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың саны биыл рекордтық көрсеткішке жеткен. 2024 жылдың басындағы мәлімет бойынша балалар үйінде 21,4 мың бала бар, деп хабарлайды Алатау телеарнасы Finprom.kz сараптамалық сайтына сілтеме жасап.
Қазақстанда өткен жылы 12 айда балалар үйіне түскен балалар саны 8,5%-ке өскен. 2023 жылы балалар үйіне 4 жасқа дейінгі 1,3 мыңға жуық сәби жіберілді. Бұл соңғы жылдардағы рекордтық көрсеткіш. Бұл - бөбектер үйіндегі балалар саны, мұнда 3-4 жасқа дейін немесе асырап алғанға дейін тұрады. Шекті жас басталғаннан кейін балалар басқа мекемелерге — балалар үйлеріне, интернаттарға немесе арнайы медициналық мекемелерге ауыстырылады.
Жыл соңында балалардың саны шамалы өзгереді. Ұлттық статистика бюросының "Талдау " ақпараттық-талдау жүйесінің деректеріне сүйенсек, 2022 жылы осындай 701 бала, өткен жылы — 711 бала болған. Жалпы, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған барлық жастағы кішкентай қазақстандықтардың саны соңғы бірнеше жылда 11,8%-ке қысқарды.
2024 жылдың басында білім министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің деректері бойынша елде ата-ана қамқорлығынсыз қалған 21,4 мың бала бар, ал 2019 жылы олардың саны 24,2 мың болған.